|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде: 1 "Жалпы ережелер" деген бөлiмнiң 9-тармағының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi дұрыс; 2 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары" деген бөлiмде: 10-тармақта: 2) тармақша "өз құзыретiнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшада: "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын; ", сондай-ақ мемлекеттік органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақшада: "әзiрлеу" деген сөз "әзiрлеудi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын; "агенттiк төрағаларының" деген сөздер "агенттiктер басшыларының және" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту"; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау"; 9) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн ", оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақшадағы "қаулылар шығару" деген сөздер "Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: "11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық кеңестер өткiзудi ұйымдастыру"; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: "13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу"; 14) тармақшадағы "дайындау" деген сөз "дайындауды ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 15) тармақшада "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: "16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Yкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына жеткiзу"; 18) тармақша "сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге де ақпараттарды" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: "19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қатысу"; 11-тармақта: 1) тармақшадағы "Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейiн "және Үкіметінiң" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу"; 12-тармақта: 5) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: "6-1) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару"; 7) тармақшадағы "қайтару" деген сөздiң алдынан "жолдау және" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: "8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген жағдайларда оларға мемлекеттік органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру"; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттік органдармен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртібімен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау"; 10) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актілері мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру"; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру"; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: "14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру"; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: "14-1. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмi мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi"; 4 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру" деген бөлiмнiң 20-тармағында: мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын: "2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады"; 3) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөз "қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша "олардың арасындағы мемлекеттік органдар енгiзетiн мәселелердi қарау жөніндегі функционалдық мiндеттердi нақты бөле отырып" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi"; 2) ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1039 қаулысымен күші жойылды 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |