|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақта: бiрiншi абзацтағы «1. Шетелдiк ұйымдардың» деген сөздерден кейін», оның iшiнде халықаралық ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын; Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы енгiзiлсiн; көрсетілген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережедегi: «Жалпы ережелер» деген 1-бөлiмдегi «Шетелдiк ұйымдардың» деген сөздерден кейiн», оның iшiнде халықаралық ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын; 4-бөлiм мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: «Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжілісiн дайындау үшiн Жұмысшы органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн мерзiмде ұсынады». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |