|
|
|
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру жөніндегі өзара iс-қимылын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң тәртібі бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын осы тәртiпке сәйкес әзiрлеудi жүзеге асырсын. 3. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеу мен iске асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 мамырдағы № 596 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 жыл, № 21, 183-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 432 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - Индикативтiк жоспар) әзiрлеудiң ұйымдастырушылық және әдiстемелiк негiздерiн, олардың құрамын, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың оларды қалыптастыру жөніндегі өзара iс-қимылдарының тетiгiн белгiлейдi. 2. Индикативтiк жоспар әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды iске асыру жөніндегі iс-шараларды, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткiштерiн (индикаторларын) және мемлекеттік экономикалық реттегiштердiң тiзбесiн қамтитын құжатты білдiредi. 3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторлары ретiнде экономиканың серпiнiн, құрылымын және тиiмдiлiгiн, қаржының, ақша айналымының, тауарлар мен қызмет көрсетулер, бағалы қағаздар рыногының жай-күйiн, тартылған, оның iшiнде шетелдiк инвестициялардың көлемiн, бағаның өзгеруiн, сыртқы экономикалық байланыстарды, жұмыспен қамтуды, халықтың тұрмыс деңгейiн, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер пайдаланылады. Көрсеткiштердiң нақты тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоспарланатын кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басымдықтарына, мақсаттарына және мiндеттерiне сәйкес Индикативтiк жоспарды әзiрлеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган - Экономика министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) белгiлейдi. 4. Құқықтық реттеу және экономикалық тұтқалар жүйесi (бюджеттік, салықтық, кедендiк-тарифтiк, ақшалық-несиелiк және сыртқы экономикалық саясат, баға қалыптастыру және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халықтың кiрiстерi саясаты, мемлекеттік орталықтандырылған инвестициялар, мемлекеттік сатып алулар жүйесi және басқалары) белгiленген мақсаттарға жету үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің экономикалық қызметiне реттеушi ықпал ететiн негiзгi құралдар болып табылады. Экономикалық реттеушi тұтқалар iс-қимылының тiзбесi мен бағытталуы нақты сандық мәнi Қазақстан Республикасы дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиялық жоспарларында белгiленген, ұсынылатын басымдықтарға, мақсаттарға және мiндеттерге сәйкес Индикативтiк жоспарды қалыптастыру процесiнде айқындалады. 5. Индикативтiк жоспарлау - бұл экономиканың дамуына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, макроэкономикалық және аумақтық деңгейлерде мемлекеттік реттеудiң өзара байланысты шараларының жүйесiн бiлдiретiн, Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеу процесi. 6. Индикативтiк жоспарлаудың мақсаты нақты сектор, қаржы жүйесi, әлеуметтiк сала, халықтың тұрмыс деңгейi, жұмыспен қамту, қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлігi, ғылым мен техниканы дамыту және пайдалану салаларында болжалған көрсеткiштерге қол жеткiзу болып табылады. 7. Индикативтiк жоспарлау: орта мерзiмдi және ағымдағы индикативтiк жоспарлардың республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясына сәйкестiгiн қамтамасыз етуi; республика экономикасын мемлекеттік реттеуге қолданылатын құралдардың тиімдiлiгiн арттыруы; облыстардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы деңгейлерiнiң бiр қалыпты еместiгiн жеңуге ықпал етуi; нарықтық тетiктер iс-қимылының негiзiнде экономиканың өзiн-өзi реттеуiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге жәрдемдесуi тиiс. 2. Индикативтiк жоспарлау жүйесi 8. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына байланысты индикативтiк жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзiрленедi. Республикалық деңгейде әзiрленетiн Индикативтiк жоспар - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Үкiметтiң Индикативтiк жоспары). Аймақтық деңгейде әзiрленетiн Индикативтiк жоспар облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтiк жоспары (бұдан әрi - облыстың (қаланың) Индикативтiк жоспары). Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары ?кіметтiң Индикативтiк жоспарының құрамдас бөлiгi болып табылатын, салалар мен аялардың дамуының орта мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлейдi. Орта мерзiмдi салалық бағдарламалардың iс-шараларын нақтылау Үкiметтiң Индикативтiк жоспарының тиiстi бөлiмдерiнде жүзеге асырылады. 9. Үкiметтiң, облыстардың (қалалардың) индикативтiк жоспарлары әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi және ағымдағы (жылдық) перспективаларының мiндеттерiн шешуге бағытталған. Орта мерзiмдi индикативтiк жоспар бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады және орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық мақсаттарға жету үшiн қызмет етедi әрi осы кезеңдегi әлеуметтiк-экономикалық дамудың проблемаларын шешу жөніндегі тетiктердi қамтиды. Ағымдағы (жылдық) индикативтiк жоспар бiр жыл мерзiмге жасалады және орта мерзiмдi Индикативтiк жоспарды iске асыру жөніндегі нақтыланған әлеуметтiк-экономикалық жылдық бағдарлама болып табылады. 10. ?кіметтiң Индикативтiк жоспарларын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен Министрлiк әзiрлейдi. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының индикативтiк жоспарларын дайындаушылар жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады. Индикативтiк жоспарларды әзiрлеу кезiнде талдау мен болжаудың әлемдiк практикада жалпы қабылданған әдiстерi пайдаланылады. 11. Министрлiк Үкiметтiң, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi әдiстемелiк және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 12. Үкiметтiң, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының индикативтiк жоспарларын өз құзыретiнің шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдар iске асырады. 3. Индикативтiк жоспарлардың құрылымы 13. ?кіметтiң орта мерзiмдi Индикативтiк жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгі бағыттары; 2) мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы; 3) нақты секторды, қаржы жүйесiн және әлеуметтiк саланы дамытудың салалық бағдарламалары. 14. "Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары" бөлімі Индикативтік жоспардың басты бөлімі болып табылады және мына мәселелерді көрсетуі тиіс: 1) ағымдағы жылда қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалды және индикативтiк жоспардың iске асырылуын талдау - қойылған мақсаттарға қол жеткiзілуiн бағалау, экономиканың және әлеуметтiк саланың түйiндi проблемаларын шешу. Жаңа проблемалардың пайда болу себептерi, олардың макроэкономикалық индикаторларға әсерi және нақты сектор мен әлеуметтiк саланың жұмыс iстеуі; 2) жоспарланатын кезеңге арналған негiзгi мiндеттердi, басымдықтарды және индикаторларды, олардың сапалық және сандық сипаттамасын айқындау; 3) жоспарланатын кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттары және экономиканың дамуының орын алып отырған проблемаларын шешудiң әдiстерi; 4) Индикативтiк жоспардың iс-шараларын iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық салдарын бағалау және Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы. Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы жоспарланатын кезеңде қол жеткiзу үшiн экономикалық реттегiштердiң бүкiл жүйесi iске қосылатын елiмiздің экономикасындағы үрдiстердi, коньюктуралық және құрылымдық өзгерiстердi, қаржы жағдайын, халықтың тұрмыс деңгейiн, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және т.с.с. сипаттайды. Жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн Министрлiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң қатысуымен болжамды көрсеткiштердiң нақты құрамын айқындайды. Жоспарланатын кезеңнiң ерекшелiктерiне байланысты әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы дамудың болжалатын процестердi көрсетуге қабiлетті орта мерзiмдi кезеңге арналған аса маңызды экономикалық көрсеткiштерiн қамтуы тиiс. Негiзгi көрсеткiштердiң болжамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiнiң кiрiс пен шығыс бөліктерiн мемлекеттік реттеу мен әзiрлеу саясатын жасау және жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады. 15. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы iске асыру таяудағы үш жылда мемлекеттік сыртқы заемдардың, республикалық бюджет қаражаттарының және мемлекет кепiлдiктер берген мемлекеттік емес заемдардың есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн қамтиды. 16. Нақты секторды, қаржы жүйесiн және әлеуметтiк саланы дамытудың салалық тұжырымдамалары мен бағдарламаларын оларды дамытудың нақты проблемаларын шешу үшiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары әзiрлейдi. Бұл құжаттар ?кімет пен Ұлттық Банктiң, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың құзыретiне кiретiн iс-шараларды қамтиды Салааралық сипаттағы және орталық атқарушы органдардың құзыретiне кiретiн iс-шаралар Үкiметтiң Индикативтiк жоспарына енгiзiледi. 17. Үкiметтiң ағымдағы (жылдық) индикативтiк жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары; 2) мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы; 3) ?кіметтің жоспарланатын жылға арналған iс-шараларының жоспары; 4) мемлекеттік экономикалық реттегiштер. 18. Үкiметтiң iс-шаралар жоспары басымдықтары, салалары, орындау мерзiмдерi және орындаушылары бойынша жоспарланатын жылда iске асырылуы қажет iс-шаралардың жүйеленген және нақтыланған тiзбесiн қамтиды. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын іске асыру жөніндегі ?кіметтің iс-шаралар жоспары экономиканы реттеу жөніндегі заң және нормативтiк құқықтық базаны құруға және жетiлдiруге, аса маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Үкіметіне және әкiмдерге жыл сайынғы тапсырмаларын орындау үшiн қажеттi iс-шараларға бағытталған. 19. "Мемлекеттік экономикалық реттегiштер" бөлiмi мемлекет олар арқылы Индикативтiк жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн экономикаға ықпал ететiн заттай, құндық көрсеткiштердiң кешенiнен тұрады және: 1) салықтық ставкаларды, кеден баждарын және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi өзгертудi; 2) қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды; 3) мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындарында конкурстық және келісім-шарттық негiзде орналастырылатын өнiмдер (жұмыстар және қызмет көрсетулер) сатып алуды; 4) мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы мен басқа да бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн қажеттi орталықтандырылған қаржы қаражатының, шетелдiк заемдар мен несиелердiң мөлшерлерiн; 5) мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн нақтылауды; 6) табиғи монополияшы кәсiпорындардың қызмет көрсетулерiне арналған тарифтердiң шектi өсуiн; 7) ең төмен күн көрiс деңгейi, кедейлiктің шегi және жұмыссыздық деңгейi көрсеткiштерiнiң өзгеруiн қамтиды. Жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн министрлiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң қатысуымен болжамды көрсеткiштердiң нақты құрамын анықтайды. Жоспарланатын кезеңнiң ерекшелiктерiне байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы жоспарланатын жылға арналған дамудың болжанатын процестерiн көрсетуге қабiлеттi аса маңызды экономикалық индикаторларын қамтуы тиiс. 20. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орта мерзiмдi және ағымдағы (жылдық) индикативтiк жоспарлары бөлiмдерiнiң құрылымы негiзiнен ?кіметтiң индикативтiк жоспарларының осындай бөлiмдерiне сәйкес болуы тиiс. Іс-шаралардың көрсеткiштер құрамын, орындаушыларын және қаржыландыру көздерiн белгiлеу облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң құзыретiнде. Орталық атқарушы органдардың құзыретiне жататын аумақтық және аймақаралық проблемаларды шешу Үкiметтiң Индикативтiк жоспарына енгiзiлуi тиiс. 4. Индикативтiк жоспарларды әзiрлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi 21. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен индикативтiк жоспарды әзiрлеу жөніндегі жұмысқа әдiстемелiк басшылықты және үйлестiрудi Министрлiк жүзеге асырады. 22. Үкiметтiң орта мерзiмдi Индикативтiк жоспарын әзiрлеу жоспарланатын кезеңнiң басталуынан екi жыл бұрын қолға алынады және мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: Әзiрлеудiң бiрiншi жылы: 1 маусымға дейiн Министрлiк Үкiметтiң ұзақ мерзiмдi стратегиялық жоспарлары басымдықтарының, мақсаттарының және мiндеттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұжырымдамасының жобасын және орта мерзiмдi кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштердің болжамын әзiрлейдi; көрсетiлген Тұжырымдаманың жобасы 15 маусымға дейiн келiсу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына жiберiледi; Министрлiк жоспарланатын орта мерзiмдi кезеңде әлеуметтiк-экономикалық дамудың жекелеген даулы макроэкономикалық, салааралық және аумақаралық аспектiлерi мен болжамды көрсеткiштерiн мүдделi тараптармен кезең-кезеңмен келiсудi жүргiзедi; 1 қыркүйекке дейiн орта мерзiмдi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұжырымдамасының жобасы Қазақстан Республикасының Экономикалық саясат жөніндегі кеңесiнiң (бұдан әрi - ЭСК) мәжілісiнде талқылау үшiн жiберiледi. Әзiрлеудiң екiншi жылы: 1 ақпанға дейiн Министрлiк орта мерзiмдi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұжырымдамасы жобасының түпкiлiктi нұсқасын орта мерзімді Индикативтік жоспарды әзірлеу процесінің барлық қатысушыларына жібереді; Министрлiк Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, Ұлттық Банкiмен (келісім бойынша) бiрлесiп орта мерзiмдi кезеңге арналған аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн болжамның мақұлданған нұсқасын барлық орта мерзiмдi Индикативтiк жоспарды әзiрлеу процессiне қатысушыларға жiбередi; орталық және жергiлiктi атқарушы органдар аталған көрсеткiштердi алғаннан кейiн бiр апта мерзiмде бұл ақпаратты Индикативтiк жоспарды әзiрлеуге тартылатын ұлттық компанияларға, мемлекеттік ұйымдарға жеткiзедi; ұлттық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар алынған ақпараттың негiзiнде өзiнiң дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған жоспарларын дербес қалыптастырады және болашақ орта мерзiмдi кезеңге өздерiнiң ой-ниеттерi туралы тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлайды; Жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымына дейiн Министрлiк Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, агенттiктерiнiң, Ұлттық Банкінің (келісім бойынша) қатысуымен ағымдағы жылдың негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiн бағалауды және жоспарланатын орта мерзiмдi кезеңге болжамды нақтылайды және оларды барлық Индикативтiк жоспарды әзiрлеу процесiне қатысушыларға хабарлайды; орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұлттық компаниялармен, мемлекеттік ұйымдармен тиiстi бөлiмдердi кезең-кезеңiмен келiсудi және орта мерзiмдi Индикативтiк жоспарға енгiзiлетiн дамудың негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамдарын нақтылауды жүргiзедi және қорытылған ақпаратты жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке хабарлайды; Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, Ұлттық Банктен (келісім бойынша) алынған ақпараттың негiзiнде орта мерзiмдi Индикативтiк жоспардың жобасын қорытындылауды және қалыптастыруды қамтамасыз етедi. 23. Үкiметтiң ағымдағы (жылдық) Индикативтiк жоспарларын әзiрлеу жыл сайын мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн Министрлiк Үкiметтiң орта мерзiмдi Индикативтiк жоспары басымдықтарының, мақсаттарының және мiндеттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының жоспарланатын жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық саясаты Тұжырымдамасының жобасын және маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын әзiрлейдi; жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанына дейiн Министрлiк Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұжырымдамасының жобасын және жоспарланатын жылға арналған аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен кезең-кезеңiмен келiсудi жүргiзедi; жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұжырымдамасының жобасы ЭСК-нiң кеңестің мәжілісiнде талқылау үшiн жiберiледi; Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұжырымдамасының мақұлданған нұсқасы мен аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын барлық Индикативтiк жоспарды әзiрлеу процесiне қатысушыларға жiбередi; орталық және жергiлiктi атқарушы органдар аталған көрсеткiштердi алғаннан кейiн бiр апта мерзiмде бұл ақпаратты Индикативтiк жоспарды әзiрлеуге тартылатын ұлттық компанияларға, мемлекеттік ұйымдарға жеткiзедi; ұлттық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар алынған ақпараттың негiзiнде өздерiнiң даму жоспарларын дербес қалыптастырады және тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға өздерiнiң келесi жылға ой-ниеттерi туралы хабарлайды; жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымына дейiн Министрлiк Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, агенттiктерiнің, Ұлттық Банкінің (келісім бойынша) қатысуымен ағымдағы жылдың аса маңызды әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiн бағалау мен жоспарланатын жылға арналған болжамды нақтылайды және оларды барлық Индикативтiк жоспарды әзiрлеу процесiне қатысушыларға хабарлайды; орталық атқарушы органдар тиiстi бөлiмдердi ұлттық компаниялармен, мемлекеттік ұйымдармен кезең-кезеңiмен келісуді жүргiзедi және Индикативтiк жоспарға енгiзiлетiн даму көрсеткiштерiн нақтылайды және қорытылған ақпаратты жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке хабарлайды; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн министрлiктiң атына әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарымен, облыстың (қаланың) дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң нақтыланған болжамын және республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп-негiздемелердi ұсынады. Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, Ұлттық Банктен (келісім бойынша) алынған ақпараттың негiзiнде ағымдағы Индикативтiк жоспардың жобасын қорытуды және қалыптастыруды қамтамасыз етедi. 5. Индикативтік жоспарларды қарау мен қабылдаудың тәртібі 24. Орта мерзiмдi индикативтiк жоспарларды қарау және қабылдау мынадай мерзiмдерде жүргiзiледi: Министрлiк орта мерзiмдi кезеңге арналған Индикативтiк жоспардың жобасын (бұдан әрi - Үкiмет) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; Министрлiк орта мерзiмдi кезеңге арналған Индикативтiк жоспардың жобасы Үкiметте қаралғаннан кейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен оны пысықтауды қамтамасыз етедi және түпкiлiктi нұсқасын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Үкiметке бекітуге ұсынады; ұлттық компаниялардың орта мерзiмдi кезеңге арналған даму жоспарларын салалық министрлiктер қарайды және Парламент тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағаннан кейiн 15 күндiк мерзiмнен кешiктiрмей, белгiленген тәртiппен Үкiметке бекітуге енгiзедi; ұлттық компаниялардың орта мерзiмдi кезеңге арналған даму жоспарларының көрсеткiштерiн салалық министрлiктер мiндеттi түрде Министрлiкпен келiседi; Министрлiкпен және мүдделi мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орта мерзімдi индикативтiк жоспарларының жобаларын әкiмдер жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қазанына дейiн бекiтедi. 25. Ағымдағы индикативтiк жоспарларды қарау және қабылдау мынадай мерзiмдерде жүзеге асырылады: жоспарланатын жылдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттары мен дамудың негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей Үкiметке ұсынады; Министрлiк әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттары мен дамудың негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын Үкiметте қаралғаннан кейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен оларды пысықтауды қамтамасыз етедi және түпкiлiктi нұсқасын республикалық бюджеттiң жобасымен бiр уақытта, жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей ?кіметке ұсынады; Әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын Үкiмет бекiткеннен кейiн Министрлiк мынадай бөлiмдердi: ?кіметтiң Іс-шаралар жоспарын, Мемлекеттік экономикалық реттегiштердi әзiрлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. "Мемлекеттік экономикалық реттегiштер" бөлiмi көрсеткiштерiнiң әрбiр тобы бойынша Үкiметтiң құзыретiнiң шегiнде жеке қаулылар қабылданады. Тиiстi мемлекеттік реттегiштер жөніндегі Үкiмет қаулыларының жобаларын белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдар енгiзедi; мемлекеттік реттегiштердi өзгерту жөніндегі қаулылардың жобаларын, сондай-ақ ?кіметтiң iс-қимылдар жоспарының жобасын Үкiметке тапсыру уақыты Парламент тиiстi жылына арналған республикалық бюджеттi бекiткеннен кейiнгi 15 күннен аспауы тиiс; ұлттық компанияларды дамыту жоспарларын салалық министрлiктер қарайды және Парламент тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiткеннен кейiн 15 күн мерзiмнен кешiктiрмей белгiленген тәртiппен Үкiметке бекітуге енгiзедi; ұлттық компанияларды дамыту жоспарларының көрсеткiштерiн салалық министрлiктер мiндеттi түрде Министрлiкпен келiседi; мемлекеттік ұйымдардың даму жоспарларын (ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын) республикалық бюджетте оларды ұстауға немесе мемлекеттік тапсырыс жөніндегі зерттеулерді орындауға көзделген қаржыға сәйкес салалық министрлiктер қарайды және бекiтедi. 26. Министрлiкпен және мүдделi мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының индикативтiк жоспарларының жобаларын мынадай тәртiппен әкiмдер бекiтедi: әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттары, облыстың (қаланың) даму көрсеткiштердiң болжамы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қазанына дейiн; Әкiмнiң iс-қимыл жоспары жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейiн. 27. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттары, маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамы, сондай-ақ реттеушi құжаттар олар қабылданғаннан кейiн жариялауға жатады 6. Индикативтiк және бюджеттік жоспарлаудың өзара қатынастары 28. Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуы Индикативтiк жоспарларының параметрлерi тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде негiз болып табылады. Жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 наурызына дейiн Министрлiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кiрiс министрлігіне бiрiншi жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы бойынша, кейiннен нақтылау арқылы, тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын тапсырады. 7. Индикативтiк жоспарларды әзiрлеудi ақпараттық қамтамасыз ету 29. Индикативтiк жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерiне, орталық атқарушы органдар жүзеге асыратын мониторингтерге, халықаралық қаржы институттарының есептерiне және басқа да ресми ақпараттарға негiзделедi. 30. Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен (келісім бойынша) осы тәртiпке сәйкес белгіленген мерзiмдерде әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеу және оларды iске асыру барысын талдау үшiн қажетті ақпараттық-статистикалық материалдарды алуға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |