|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 74 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Республикалық телекоммуникациялық трафиктің биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақта: "Көлiк және коммуникациялар министрлігіне" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен" деген сөздермен толықтырылсын; "1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |