|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмысқа қарсы Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақ ССР Жоғарғы Советі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат; 1999 ж., № 15, 595-құжат; № 20, 721, 727-құжаттар; № 23, 916, 931-құжаттар): 52-бап мынадай редакцияда жазылсын: «52-бап. Бөтен біреудiң мүлкiн ұсақ-түйек ұрлау Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен біреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу, жұмсап қою жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау, - заңдарда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша бұл шараны қолдану жеткiлiксiз деп танылса, - он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. Ұсақ-түйек ұрлауды: 1) бір топ адамның; 2) бірнеше рет қайталап; 3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кіру арқылы жасауы, - заңдарда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің отыз еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға не он тәулiктен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. Ескерту. Егер ұрланған мүлiктiң құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, бөтен біреудің мүлкiн ұрлау ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.». 2. «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат): 1) 4-бапта: 2) тармақшада «Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейiн «және ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы Заңның талаптарына сәйкес сот сараптамасын жүргiзу бір жолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.»; 3) 15-баптың екiншi тармағында «Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 17-баптың 1-тармағында «бекiтетiн ережеге» деген сөздер «бекiтетiн ережелерге» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 18-баптың 1-тармағында «бекiткен тиiстi ережемен» деген сөздер «бекiтетiн ережелермен» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 19-баптың 1 және 2-тармақтарында «Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 20-бапта «Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы» деген сөздер «білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi органы» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 22-баптың 3-тармағында: «республикалық бюджетке» деген сөздерден кейiн «есептеледi» деген сөзбен толықтырылсын; «иелiгiне түседi» деген сөздер «шотына есептеледi» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат): 1) 12-бапта: бірiншi бөлiк «Қылмыстардың жиынтығында адам» деген сөздерден кейiн», егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бір бабының немесе бабының бір бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса,»деген сөздермен толықтырылсын; екiншi бөлiк «Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.»деген сөйлеммен толықтырылсын; 2) 42-баптың екiншi бөлiгiнде: «бас бостандығын шектеумен», «бас бостандығын шектеудiң» деген сөздерден кейiнгi «немесе» деген сөз алып тасталып, үтiр қойылсын; «қамауға алумен» деген сөздерден кейiн «немесе бас бостандығынан айырумен» деген сөздермен толықтырылсын; «46» деген цифрдан кейiн «және 48» деген цифрмен толықтырылсын; «уақыты бас бостандығын шектеудiң немесе тұтқындаудың бір күнiн қоғамдық жұмыстардың сегiз сағатына есептеумен есептеледi» деген сөздер «уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудiң немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күнi қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледi» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 48-бапта: үшiншi бөлiк «Түзеу жұмыстарын» деген сөздердiң алдынан «Қоғамдық жұмыстарға тартуды,»деген сөздермен толықтырылып, «Түзеу» деген сөз кiшi әрiппен жазылсын; бесiншi бөлiктiң б) тармақшасындағы «жетi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға» деген сөздерден кейiн «және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 61-баптың г) тармағындағы «сегiз» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 62-баптың үшiншi бөлiгiндегi «сегiз» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 65-баптың екiншi бөлiгiндегi «адамды сот» деген сөздер «адам» деген сөзбен, «босатуы» деген сөз «босатылуы» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 78-баптың бірiншi бөлiгiндегi «осы тараудың» деген сөздер «осы бөлiмнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 79-баптың бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктерiндегi «толмай сотталған» деген сөздер «толмаған» деген сөзбен ауыстырылсын; 9) 95-баптың бірiншi бөлiгiндегi «88-бабының бірiншi бөлiгiнде» деген сөздер «88-бабының бірiншi бөлiгiнiң в) және г) тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 96-баптың екiншi бөлiгiнде: ж) тармағы «ұйымдасқан» деген сөздiң алдынан «адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе» деген сөздермен толықтырылсын; з) тармағы «не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 117-бапта: бірiншi бөлiк «шектеуге» деген сөзден кейiн «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi бөлiк «шектеуге» деген сөзден кейiн «не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi бөлiктегi «екi» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын; төртiншi бөлiктегi «алты» деген сөз «жетi» деген сөзбен ауыстырылсын; 12) 120-бапта: бірiншi бөлiктегi «алты» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «төрт» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктегi «жетi» деген сөз «сегiз» деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 121-бапта: бірiншi бөлiктегi «алты» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «төрт» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктегi «жетi» деген сөз «сегiз» деген сөзбен ауыстырылсын; 14) 122-бапта: «немесе әйел мен әйелдің қатынасы» деген сөздер», әйел мен әйелдiң қатынасы немесе нәсiпқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 123-баптағы «бір жылға дейiнгi» деген сөздер «екi жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 124-баптағы «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 134-бапта: бірiншi бөлiктегi «ең төменгi» деген сөздер алып тасталсын: екiншi бөлiктегi «бес» деген сөз «жетi» деген сөзбен ауыстырылсын; 18) 136-баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiндегi «жүз жиырмадан» деген сөздердiң алдынан «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не» деген сөздермен толықтырылсын; 19) 140-бап «жүз жиырмадан» деген сөздердiң алдынан «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не» деген сөздермен толықтырылсын; 20) 148-баптың екiншi бөлiгi «айыруға» деген сөзден кейiн «не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына» деген сөздермен толықтырылсын; 21) 164-баптың бірiншi бөлiгi «түзеу жұмыстарына» деген сөздерден кейiн «не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен толықтырылсын; 22) 165-баптағы «мемлекеттік құпияны» деген сөздер «мемлекеттік құпияларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 166-баптағы «мемлекеттік немесе әскери құпияны» деген сөздер «мемлекеттік құпияларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 172 және 173-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «172-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету 1. Құжаттарды ұрлау, мемлекеттік құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сол сияқты өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда - төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе белгiлi бір лауазымдарда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда - үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда - екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 173-бап. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту 1. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер мемлекеттік құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса,- бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған қызметтiк құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы, егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, - екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 25) 175-баптағы ескертулер мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен біреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кiнәлi адам заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.»; 26) 179-бапта: екiншi бөлiгi г) тармақшасындағы «жасаған» деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, «қарақшылық» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын: «д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық -» үшiншi бөлiктiң б) тармағы «келтiрумен» деген сөзден кейiн», абайсызда жәбірленушiнiң өлiмiне әкеп соққан;»деген сөздермен толықтырылсын; 27) 221-бапта: бірiншi бөлiкте: «қамауға, не» деген сөздерден кейiн «екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын; «бір жылға» деген сөздер «екi жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiкте: «түзеу жұмыстарына, не» деген сөздерден кейiн «үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын; «дәл осы мерзiмге» деген сөздер «үш жылға дейiнгi мерзiмге» деген сөздермен ауыстырылсын; 28) 222-бапта: бірiншi бөлiкте: «қамауға, не» деген сөздерден кейiн «үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын; «екi» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын: екiншi бөлiкте: «айыра отырып,»деген сөздерден кейiн «екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салынып не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын; «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 29) 231-баптағы «Ескерту.»деген сөзден кейiн «1.»деген цифрмен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.»; 30) 237-бапта: бірiншi бөлiктегi «бес» деген сөз «сегiз» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «үш жылдан он жылға дейiнгi» деген сөздер «алты жылдан он екi жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 31) 251-бапта: бірiншi бөлiктегi «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «екi жылдан алты жылға дейiнгi» деген сөздер «үш жылдан сегiз жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктегi «үш жылдан сегiз жылға дейiнгi» деген сөздер «бес жылдан он жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 32) 252-бапта: бірiншi бөлiктегi «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «екi жылдан алты жылға дейiнгi» деген сөздер «үш жылдан сегiз жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктегi «төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi» деген сөздер «бес жылдан он жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 33) 259-бапта: баптың атауындағы «сатып алу» деген сөздер «иемденiп алу» деген сөздермен ауыстырылсын; бірiншi бөлiктегi «сатып алу» деген сөздер «иемденiп алу, тасымалдау» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, тасымалдау, жөнелту немесе сату, өткізу мақсатында сатып алу немесе сақтау» деген сөздер «Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткізу мақсатымен не өте iрi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасалған әрекеттер» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: «3. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi: а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; б) әлденеше рет; в) есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты iрi мөлшерде жасаса, - мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: «4. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi: а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса; б) олар өте iрi мөлшердегi есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасаса, - мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 34) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын: «263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы 1. Есiрткi заттар немесе жүйкеге әсер ететiн заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу, - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу, - алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, бір адамның немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобының осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген немесе әлденеше рет жасаған әрекеттерi, - бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Ұйымдасқан топ жасаған, осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, - жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 35) 265-бапта: атауындағы», күштi әсер ететiн» деген сөздер алып тасталсын; бірiншi және екiншi бөлiктердегi», күштi әсер ететiн» деген сөздер алып тасталсын; 36) 266-бапта: баптың атауы», есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: «3. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 37) 270-бапта: бірiншi бөлiктегi «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «екi жылдан бес жылға дейiнгi» деген сөздер «үш жылдан жетi жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 38) 275-баптың бірiншi бөлiгiндегi «оларды» деген сөз алып тасталсын; 39) 295-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын: «4. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бірiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрiнеу қауiп төндiрсе, - бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 40) 307-бапта: ескертулердiң 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттiң функцияларын және мемлекеттік органдардың өкiлеттiгiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызметi атқаратын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң саяси қызметiн атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар деп түсiнiледi.»; 41) 308-баптың үшiншi бөлiгi», сол сияқты олар күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не қару немесе арнаулы құралдар қолдану арқылы жасалса,»деген сөздермен толықтырылсын; 42) 311-бапта: бірiншi бөлiкте: екiншi абзац «нақ» деген сөздiң алдынан «мүлкi тәркiленiп немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi бөлiкте: екiншi абзац «үш жылдан» деген сөздердiң алдынан «мүлкi тәркiленiп немесе онсыз» деген сөзбен толықтырылсын; үшiншi бөлiкте: екiншi абзац «бес жылдан» деген сөздердiң алдынан «мүлкi тәркiленiп немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын; төртiншi бөлiкте: мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: «г) әлденеше рет»; «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; 43) 337-бапта: бірiншi бөлiктегi «айыра отырып,»деген сөздерден кейiнгi «бір» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi «айыра отырып,»деген сөздерден кейiнгi «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; үшiншi бөлiк «қамауға» деген сөзден кейiн «не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен толықтырылсын; 44) 348-баптың екiншi бөлiгi «прокурордың» деген сөзден кейiн», iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның» деген сөздермен толықтырылсын; 45) 352-баптың екiншi бөлiгiндегi «бес жылға дейiнгi» деген сөздер «үш жылдан сегiз жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 46) 362-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: «3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн қасақана бұзуы, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн таңдап алған тұрғылықты жерiне әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатымен белгiленген мерзiмде бармауы -
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |