|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 682 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн; Елубаев Бауыржан Ысқақұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Нұқышев Азат Ғалымұлы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттiгi" ашық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Власов Николай Афанасьевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк жөніндегі комитетiнің мүшесi (келісім бойынша) Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік қарыз алу департаментi директорының мiндетiн атқарушы, хатшы; "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары"; көрсетiлген құрамнан Айтжанов Дулат Нұлұлы, Дружинин Анатолий Михайлович шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |