Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің (2022.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2002 ж. 15 қаңтардағы № 282-ІІ Заңымен Келісім бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі, Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып, екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының тәртібін реттеуге ұмтылыс білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті: Бір Тарап мемлекетінің азаматтары № 1 және № 2 қосымшаларда аталған жарамды құжаттар, осы Келісімде көзделген шарттар бойынша екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге және уақытша болуға құқылы. 2022 ж. 22 желтоқсандағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап Егер бір Тарап мемлекеті азаматтарының болу кезеңі, осы Хаттамаға № 1 және № 2 қосымшаларда аталған олардың жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға (уақытша тіркелу) рұқсатты ресімдемей, әрбір кезеңде күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күнде Тараптар мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын болса, тұрақты тұратын жеріне қарамастан екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіреді, одан шығады, транзитпен өтеді, жүріп-тұрады. Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында уақытша тұруға рұқсат алуға (уақытша тіркеуге тұруға) міндетті.
2022 ж. 22 желтоқсандағы Хаттамамен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап Уақытша тұруға (уақытша тіркеуге) рұқсатты ресімдеу рәсімінен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|