|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 ҚР Үкіметінің 2006.14.07. № 674 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын беру ережесінде: 10-тармақта: төртінші абзацтағы "есірткі заттар және психотроптық құралдар" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: "есірткі заттар, психотроптық құралдар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне; прекурсорлар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |