<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Английский
Казахский и английский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы 2000 ж. 20 шілдедегі № 83-ІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (2017.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы
2000 ж. 20 шілдедегі № 83-ІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

(2022.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2023 жылғы 13 ақпандағы № 198-VII Конституциялық заңымен күші жойылды

 

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін тиісінше «- Елбасының», «- Елбасына», «- Елбасы», «- Елбасы», «- Елбасын», «- Елбасымен», «- Елбасының» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)

 

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Осы Конституциялық заң Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, елдегі бұдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының саяси және құқықтық жағдайын анықтайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.02.01. № 526-IV ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәртебесі және өкілеттігі

  • Показать изменения

Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.

  • Показать изменения

Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрыша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, Республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының ордені мен жыл сайынғы бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне мыналарды тағайындайды:

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) мемлекеттік награда - «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені, онымен марапаттау азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының жыл сайынғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы, оны Қазақстан Республикасының Президенті демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтқаны үшін береді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ҚР 2001.05.07. № 222-II Заңын қараңыз

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеуі

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

  • Показать изменения

Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді

4-бап. Қызметті қамтамасыз ету

  • Показать изменения

Өз өкілеттіктерін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету және оның мәртебесін жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай бөлінеді, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Кеңсесінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы белгілейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнама қолданылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесін орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде жалпы желіге де, барлық қолда бар құқықтық базалар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге де қосылған жеке компьютерлермен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппараттарымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде үкіметтік байланыспен, қажетті офистік жиһазбен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі, сондай-ақ ол көліктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-бап. Байланыспен қамтамасыз ету

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өмір бойы Қазақстан Республикасының аумағында президенттік, үкіметтік байланыспен және жергілікті атқару органдарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бар басқа да байланыс түрлерін тегін пайдалануға құқығы бар, сондай-ақ байланыс қызметтерін кезектен тыс алуға құқылы. Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының пошта және телеграф жөнелтімдерінің барлық түрлері үкімет жөнелтімдері дәрежесінде жіберіледі (беріледі), сұрыпталады және жеткізіледі.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

  • Показать изменения

6-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын күзету

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ал үнемі тұратын немесе уақытша болатын жерлерінде өмір бойы мемлекеттік күзет беріледі.

  • Показать изменения

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасынымен бірге тұратын немесе онымен бірге еріп жүретін отбасы мүшелеріне де мемлекеттік күзет беріледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

  • Показать изменения

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына қажетті мемлекеттік қызмет көрсетіле отырып қызметтік пәтер мен мемлекеттік саяжай меншігіне беріледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Көлікпен қамтамасыз ету

  • Показать изменения

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына - өмір бойы жүргізушілерімен бірге жеке автомобиль, ал онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қызметтік автокөлікті пайдалану құқығы беріледі.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өмір бойы елде көлікпен тегін жүруге және ресми адамдар мен делегацияларға арналған залдарды тегін пайдалануға құқылы.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Конституциялық Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер, жеке мұрағат және жеке кітапхана

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалыптастырады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағаты ұлттық игілік болып табылады және мемлекет меншігінде болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының туған жерінде және Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы» ҚР Президентінің 2000.22.12. № 528 Жарлығын қара

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету

  • Показать изменения

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындауды тоқтатқан күнге дейін оларға көрсетіліп келген көлемі мен түрлеріндегі тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру

  • Показать изменения

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы жасына қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының зейнетақысы Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.

  • Показать изменения

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының өмірі мен денсаулығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің - Елбасының жылдық лауазымдық жалақысына тең сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен бірге тұрған әрбір отбасы мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

  • Показать изменения

Осы Конституциялық заңда көзделген кепілдіктермен қатар өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де кепілдіктер берілуі мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз етудің қаржыландыру көздері және өзге де мәселелері

  • Показать изменения

Осы Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Осы Конституциялық заңды күшіне енгізу тәртібі

2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін 2 және 9-баптардың нормаларын қоспағанда, осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев