|
|
|
"Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінiң ерекше мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы № 1059 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының дербес мемлекеттік жоғары оқу орны ретiндегi ерекше мәртебесi туралы ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 шілдедегі № 1106 қаулысымен бекітілген "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының дербес мемлекеттік жоғары оқу орны ретiндегі ерекше мәртебесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетiнiң (бұдан әрi - Университет) ерекше мәртебесiн және Қазақстан Республикасының мүдделерiнде Университеттің әлеуетiн тиiмдi пайдаланудың жолдарын белгiлейдi. 2. Университеттiң ерекше мәртебесi Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетiнiң жоғары біліктi мамандарды даярлаудағы, елде ғылым мен мәдениеттi дамытудағы ерекше рөлiне, сондай-ақ онда қалыптасқан Қазақстанда және шет елдерде кеңiнен танымал беделдi ғылыми мектептердi сақтаудың қажеттiгiне негiзделген. ҚазМУ-дың қалыптасқан ерекше ғылыми-педагогикалық әлеуетi мен оқу-материалдық базасы Университеттiң Қазақстан Республикасы Президентінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы № 1059 қаулысымен берiлген дербес мемлекеттік жоғары оқу орнының мәртебесiнде бекітілген Қазақстанның ғылымы мен білімi жүйесiндегi ерекше жағдайын айқындайды. 3. Университет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Казақстан Республикасы Президентінің кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң нормативтiк құжаттарын, сондай-ақ осы Ереженi және Университеттiң Жарғысын басшылыққа алады. 4. Дербес жоғары оқу орны ретiндегі Университеттiң мiндеттерi: 1) Университеттiң бар жоғары әлеуетiн мақсатты және толық пайдаланудың негізiнде, қоғамның өркендеуiне ықпал ететiн жаңа білімдердi құруды зерделеудi және таратуды жүзеге асыратын ғылыми-білім беру кешенiнiң оңтайлы үлгiлерiн әзiрлеу және iске асыру, дүниежүзiлiк білім беру стандарттарына сәйкес келетiн оқытудың жаңа технологияларын, ғылыми зерттеулердi ұйымдастырудың қағидаттарын енгізу; 2) дүниежүзiлiк білім беру кеңiстігiндегі интеграцияның неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiру және жүзеге асыру Университеттiң жетiстiктерiн шет елге тең құқықты ұсынуды қамтамасыз ету; 3) ғылыми-білім беру кешенiн басқарудың демократиялық қағидаттарын тереңдету, академиялық еркiндiктi дамыту үшiн жағдай жасау болып табылады. 5. Университет көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде: 1) ғылыми-педагогикалық әлеует пен оқу-материалдық базаны тиiмдi пайдаланудың негiзiнде, жоғары білiм берудiң дүниежүзiлiк стандартқа сәйкес тұрақты жоғары деңгейiн кепілдiктендiруге; 2) Университеттiң студенттерiнiң, оқытушыларының және қызметкерлерiнiң білім, адамгершiлiк және интеллектуалдық жағынан дамуы үшiн барынша жағдай жасауды қамтамасыз етуге; 3) республикада білім беру жүйесiн дамытуға ықпал ете отырып, белсендi ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастыру жұмысын жүргiзуге; 4) білім берудi қоса алғанда, ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат пен кiрiстердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асыруға мiндеттi. 6. Университет мiндеттердi табысты жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы № 1059 қаулысына және заңнамаға сәйкес: 1) "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетiнiң оқытушылары мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 маусымдағы № 982 қаулысының 1-тармағында белгiленген коэффициенттi пайдалана отырып, Университеттiң құрылымы мен штатын, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлеуге; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен заңды тұлғалар құқығындағы мемлекеттік емес құрылымдарды, оның iшiнде шет елдердегiсiн қоса алғанда, Университеттiң білім беру ғылыми кешенiнiң құрамында ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын, филиалдарын және өзге де бөлiмшелердi құруға; 3) жоғары кәсiби білім берудiң көп деңгейлi жүйесi бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын айқындауға, оларды оқытудың мерзiмдерi мен нысандарын белгiлеуге, жоғары кәсiби білім беру саласындағы қолданылып жүрген мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарға сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекiтуге; 4) шетелдiк ұйымдармен Университеттiң негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша тiкелей шарттар мен келісім-шарттар жасасуға, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құруға, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiне қатысуға; 5) Университеттiң оқытушыларына доцент және профессор ғылыми атақтарын беру кезiнде қорытынды сараптама жүргiзуге құқығы бар. 7. Университет Қазақстан Республикасы Президентінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы № 1059 қаулысына орай және өзiне берiлген ерекше мәртебеге сәйкес барлық бар негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражатқа иелiк етедi, пайдаланады және билiк етедi, өз қаражатының есебiнен сатып алынған мүлiкке өз бетiнше билiк етедi. 8. Мемлекеттік тапсырыстың шеңберiнде мамандар даярлау Университетке түскен студенттердiң білім грантының немесе несиесiнiң мөлшерiн айқындау кезiнде оқытуға арналған нақты шығындарды ескеретiн жеке норматив бойынша, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қаржыландырудың басқа қосымша көздерi заңнамада тыйым салынбаған, кiрiсiне Университет өз бетiнше билiк ететiн ғылыми-өндiрiстiк, білім беру және өзге де қызмет болып табылады. 9. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы Университет орындайтын бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылады. 10. Университет өзiнiң негiзгi қызметiнде барлық мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, басқа да республикалық мекемелермен және ұйымдармен, шетелдiк халықаралық білім беру және ғылыми орталықтармен тiкелей байланыстар орнатады. 11. Университеттің ректорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. 12. Университеттiң қызметiн қоғамның мүдделерiмен келiсу, қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн, сондай-ақ интеллектуалдық әлеуеттi неғұрлым тиiмдi пайдалану үшiн Қамқоршылар кеңесi құрылады. Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн, Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына ғылымның, білім берудiң және мәдениеттiң, шығармашылық және өзге ұйымдардың, меншiктiң түрлi нысандарындағы кәсiпорындардың, қорлардың, ассоциациялардың, акционерлік қоғамдардың және басқалардың дербес жоғары оқу орны ретiндегi Университеттiң проблемаларын шешуге қомақты үлес қосуға қабiлетті өкiлдерi кiре алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |