|
|
|
Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 593 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 сәуірінен қолдануға енгізіледі және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының Тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры мен оның орынбасарлары 2. Бас әскери прокуратура басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары, Бас әскери прокурордың аға көмекшілері 3. Бас әскери прокуратура басқармалары мен бөлімдері бастықтарының орынбасарлары 4. Бас әскери прокуратураның аға әскери прокурорлары мен әскери прокурорлары 5. Бас әскери прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бас мамандары 6. Гарнизонның (әскерлердің) әскери прокурорлары мен олардың орынбасарлары 7. Гарнизондардың (әскерлердің) әскери прокурорларының аға көмекшілері мен көмекшілері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |