|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N Металлургия өндiрiсiнде қара металдың сынықтары мен қалдықтарын пайдаланатын отандық кәсiпорындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 наурызындағы № 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 148-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Түстiсубъектiсiнежәне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесiнде: 3 тарау мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2 тармақтармен толықтырылсын: "20-1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларға (қолданылған рельстердi, темір жол төсеніштерi мен жылжымалы құрамның элементтерiн қоспағанда) түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуға осы қалдықтарды кейiн металлургиялық өндiрiсi бар Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына тапсыруға лицензия беру оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады. 20-2. Шағын кәсіпкерлiк субъектiсi оңайлатылған тәртіппен лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгiленген нысандағы өтiнiш; 2) өтiнiш берушiнiң шағын кәсіпкерлік субъектiсiне жататындығы туралы мәлiмет (жарғының, мемлекеттік тiркелгендiгi туралы куәлiктiң, статистикалық картаның, салық төлеушiнің тiркелген нөмiрiнiң көшірмелерi); 3) біліктi қызметшiлер мен өндiрiстiк базаның (тиеу техникасы, автокөлiк) бар-жоғы туралы қысқаша мәлiмет; 4) Лицензиар бекiткен үлгiлiк нұсқаулықтың негiзiнде әзiрленген түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі нұсқаулық; 5) лицензиялық алымды төлегендігiн растайтын құжат." 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |