|
|
|
"Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы" республикалық Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Спорт сарайы) Алматы қаласы әкімінің коммуналдық меншiгiне беру туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп Спорт сарайын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес республикалық меншiктен, Алматы қаласы әкімінiң коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн. 3. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртiппен коммуналдық меншiкке берiлетiн Спорт сарайын қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн. 4. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесіндегі, реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |