|
|
|
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына сәйкес осы қаулының, 1-1-тармағынан басқа, күші жойылды "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету және бiрыңғай ақпараттық орталығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң бекітілген штат саны лимитінiң шегінде мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi құрылсын. ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665 қаулысымен 1-1-тармақшамен толықтырылды 1-1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы функцияларын, сондай-ақ қоса берiлiп отырған тізбеге сәйкес штат санын жаңадан құрылған Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру жолымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелер құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі комитетiнiң негізгі мiндетi өз құзыретiнiң шегінде телекоммуникациялар, почта байланысы, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізiнде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың ақпараттық қажеттілiктерiн қанағаттандыру үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми техникалық жағдайларды қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып белгіленсiн. 3. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына: (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі туралы ережеде: мәтiндегі "көлiк-коммуникациялық" деген сөздер тиiстi "көлiк, ақпараттық және коммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы: екiншi абзац ",Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі комитет" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: 3)-тармақшада "ақпараттық жүйелер" деген сөздерден кейiн ", байланыс, ақпараттандыру" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшада "тасымалдауларға" деген сөздер "ақпараттандыруға, тасымалдауларға" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) және 7) тармақшаларда "байланыс" деген сөздер "байланыс және ақпараттандыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақта: 1) тармақшада "экономика мен халықтың" деген сөздер "ақпараттандыру" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшада "коммуникациялық" деген сөздер "ақпараттық, коммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшада "қызмет көрсету" деген сөздердiң алдында ",ақпараттандыру қызметтерiн көрсету" деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақшада "радиожиiлiк спектрiн" деген сөздерден кейiн "ақпараттық жүйелер мен желiлердi" деген сөздермен толықтырылсын; 4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бір айлық мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті туралы ережені әзірлесін және бекітуге ұсынсын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |