|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Астана қаласының мәдени және рухани келбетiн көркейту, қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи игiлiгiмен және әлемдiк әдебиет пен өнердiң жетiстiктерімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайы" және "Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшiлiк кiтапханасы" республикалық мемлекеттік мекемелерiн қосу жолымен "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172;24.06.04 ж. № 604 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 24-1-жолы мынадай редакцияда жазылсын: "24-1 Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы"; 2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимитiндегi: 6 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы 350" "Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы филиалы 100" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы 350" деген жолдар алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |