|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагері» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру; 2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде білім беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау; 3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткізу болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі «Астана» санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп белгiлесiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |