|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы
ҚР Үкіметінің 2006.17.04. № 289 Қаулысымен күші жойылды
"Үлбі металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамының бірегей өндірістерін қажетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: "9. "Үлбі металлургия зауыты" ашық тұрпатты акционерлік қоғамында жұмыс істейтін шақырылушылар мына мамандықтар бойынша: аппаратшы (барлық атаудағы); зертханашы (барлық атаудағы); бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі (реттеуші); жөндеуші-слесарь; токарь (жұмыстың барлық түрінің); электр монтері; зерттеуші-инженер; технолог-инженер; физик-инженер; химик-инженер; бағдарламашы-инженер; электрик-инженер; технологиялық процесті басқару автоматтандырылған жүйесінің инженері; топ жетекшісі; шебер (аға шебер)". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |