<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Жер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 152-ІІ Заңы (ҚР 10.07.01 ж. № 227-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 08.01.03 ж. № 375-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жер туралы Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 24 қаңтардағы № 152-ІІ Заңы
(ҚР 10.07.01 ж. № 227-II; 24.12.01 ж. № 276-II;
08.01.03 ж. № 375-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)


2003 жылғы 8 шілдедегі № 479-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның күші жойылды


1-бөлiм. Негізгі ережелер                             (1 - 14 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер                               (1 - 9 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары      (10 - 14 баптар)
         саласындағы құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану           (15 - 78 баптар)
         құқығы және жерге өзге де құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы                          (15 - 19 баптар)
4-тарау. Жер пайдалану құқығы                         (20 - 32 баптар)
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, жер         (33 - 46 баптар)
         пайдалану құқығының және өзге де
         құқықтардың объектісі
6-тарау. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер     (47 - 49 баптар)
         пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Сервитуттар                                  (50 - 58 баптар)
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын       (59 - 62 баптар)
         кепілге салу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер           (63 - 78 баптар)
         пайдалану құқығын және өзге де
         құқықтарды тоқтату                           
3-бөлiм. Жер санаттары                                (79 - 105 баптар)
10-тарау. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер            (79 - 84 баптар)
11-тарау. Елді мекендердің жері                       (85 - 88 баптар)
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері   (89 - 91 баптар)
          және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге 
          де жер
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, (92 - 95 баптар)
          сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
          мақсаттағы жер                              
14-тарау. Орман қорының жері                          (96 - 99 баптар)
15-тарау. Су қорының жері                             (100 - 103 баптар)
16-тарау. Босалқы жер                                 (104 - 105 баптар)
4-бөлiм.  Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге   (106 - 117 баптар)
          орналастыру, мониторинг және жер кадастры   
17-тарау. Жерді қорғау және оны пайдаланылуын бақылау (106 - 111 баптар)
18-тарау. Жерге орналастыру, мониторинг және         (112 - 117 баптар)
          мемлекеттік жер кадастры                    
5-бөлiм.  Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз        (118 - 124 баптар)
          ету және қорытынды ережелер
19-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану             (118 - 122 баптар)
          құқығын қорғау және келтірілген
          залалды өтеу                                
20-тарау. Қорытынды ережелер және өтпелі               (123 - 124 баптар)
          кезең ережелері                             
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-бөлiм. Негізгі ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры

1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер;

2) елдi мекендердiң (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;

3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жерi;

6) су қорының жерi;

7) босалқы жер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:

1) орманды дала;

2) дала;

3) қуаң дала;

4) шөлейттi;

5) шөлдi;

6) тау етегi-шөлдi-дала;

7) субтропикалық шөлдi;

8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi;

9) орта азиялық таулы;

10) оңтүстiк-сiбiрлiк таулы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Жерге меншiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншiкте болады. Осы Заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерi жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Жер заңдарының принциптерi

Қазақстан Республикасының жер заңдары:

1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;

2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;

3) жердi ұтымды пайдалану;

4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

5) жердi нысаналы пайдалану;

6) ауыл шаруашылығына арналған жердiң басымдығы;

7) жердiң жай-күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оның қолжетiмдiлiгi;

  • Показать изменения

8) жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қолдау;

9) жерге келтiрiлетiн залалды болғызбау немесе оның зардаптарын жою;

10) жердi ақы төлеп пайдалану принциптерiне негiзделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Жер заңдарының мiндеттерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы пайда болуының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртібін белгілеу, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Жер заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және басқа да өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар арнаулы заңдармен реттеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Жер учаскелерiне меншiк құқығымен және жер пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар азаматтық заңдардың нормаларымен реттеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Жеке және заңды тұлғалардың заң актілерiнде белгiленген құқықтарын мемлекеттік басқару органдары мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың актілерімен шектеуге болмайды. Мұндай актiлердiң заңдық күшi жоқ және олар орындалмауға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Егер осы Заңда немесе басқа да заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер қатынастары жөнiнен Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес пайда болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолданылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Жердi аймақтарға бөлу

1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсатын және пайдаланылу режимiн белгiлей отырып анықтау.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жердi осы Заңның 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан екiншiсiне көшiрудi өздерiнiң осы заңда және өзге де заң актілерінде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөніндегі құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, республикалық деңгейде жердi аймақтарға бөлудi ұйымдастырады және аумақтарды аймақтарға бөлудiң республикалық схемаларын әзiрлеу мен бекітудi қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Облыстық (Астана және Алматы қалалық) уәкiлеттi органдар облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органдарының тапсыруы бойынша қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы жөніндегі жергiлiктi органдармен және басқа да мүдделi органдармен бiрлесе отырып, облыстық (қалалық) деңгейде жердi аймақтарға бөлудiң жобаларын (схемаларын) әзiрлеудi ұйымдастырып, қамтамасыз етедi және оларды облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкiлдi органдардың бекітуiне енгiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Аумақты пайдаланудың жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде белгiленген нысаналы режимi осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен бекітіледi және жер құқығы қатынастарының субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлетiн жердi аймақтарға бөлу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Жердi аймақтарға бөлудiң ережелерi мен принциптерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 08.01.03 ж. № 375-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді

8-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер

1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.

Мемлекет уақытша өтемдi пайдалануға (жалға) берген жер үшiн жалдау ақысы алынып, ол жергiлiктi бюджетке аударылады.

  • Показать изменения

Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi бюджетке есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi берiлген жағдайда жалдау ақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жер учаскелерiн мемлекеттік меншiктен жеке меншiкке беру жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша ақысы бiрден не мерзiмін ұзарту арқылы төленiп жүргiзiледi, бұған:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - кондоминиум объектiлеріндегі тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне мiнсiз үлес ретiнде;

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына белгiленген нормалар шегiнде өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берiлетiн реттер қосылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн тегiн берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты толық өзгертілген жағдайда жер үшін нысаналы мақсатының өзгеруiне арналған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақы алынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Жер учаскелерi және мемлекеттік заттай гранттар түрiнде жер пайдалану құқығы инвесторға осы Заңға және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Жер учаскелерi жеке меншiкке өтемдi негiзде берiлген кезде, сондай-ақ мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төленетiн ақының базалық ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. Бұл ретте жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердiң ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен емес болып белгiленедi.

Нақты жер учаскесiнiң бағалау құнын мемлекет жеке меншiкке беретiн жер үшiн төленетiн ақының базалық ставкаларына сәйкес уәкiлеттi орган анықтайды. Елдi мекендердегi жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерiнiң бағалау құны базалық ставкаларға түзету (көтеретiн немесе төмендететiн) коэффициенттерi қолданыла отырып анықталады.

  • Показать изменения

Аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелер мен селолық елдi мекендерде түзету коэффициенттерi мен аймақтардың шекаралары аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкiлдi органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкiлдi органның шешiмiмен бекітіледi.

Қазақстан Республикасының азаматтарына өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн тегiн берудiң белгiленген нормасынан тыс жеке меншiкке берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң бағалау құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан селолық елдi мекендер жерi үшiн төленетiн базалық ақы ставкалары негiзге алына отырып анықталады.

  • Показать изменения

Елдi мекендер шегiнен тыс орналасқан, азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға құрылыс жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе үйлерге (құрылыстар мен ғимараттарға) өздерiнiң мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерi салынған жер учаскелерi бойынша бағалау құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар үшiн берiлген (берiлетiн) жер үшiн төленетiн базалық ақы ставкасының он процентi мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.

  • Показать изменения

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге арналған жер пайдалану құқығында берiлетiн (берілген) жер учаскелерiн бағалау құны, сондай-ақ осындай жер учаскелерiн жалға бергенi үшiн төлем мөлшерi базалық ставкаларға Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн түзету коэффициенттерi қолданыла отырып айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн ақы төлеудiң мөлшерi, мерзiмi мен нысаны азаматтық заңдарға сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiктiк жалдау шарттарымен белгіленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 08.01.03 ж. № 375-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

9-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) базалық ақы ставкасы - мемлекет жеке меншiкке немесе пайдалануға беретiн жер үшiн төленетiн ақы нормативi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) кейiнгi жер пайдаланушылар - бастапқы жер пайдалану мәртебесiн сақтап қалатын пайдаланушылардан кейiнгi жер пайдалану туралы шарт негiзiнде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) мемлекеттік жер пайдаланушылар - мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) мемлекеттік заттай гранттар - инвесторға осы Заң мен Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен меншiкке немесе пайдалануға өтеусiз берiлетiн жер учаскелерi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу - мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң кепiл шартына негiзделген не заң актілерінiң негiзіндегі әдiсi, оған сәйкес борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кредитордың (кепiл ұстаушының) кепiлге салынған жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құнынан, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген қайтарып алуды қоспағанда, осы жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы тиесiлi тұлғаның (кепiл берушiнiң) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы болады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Заңда және өзге де заң актілерінде белгiленген жағдайлар мен шарттарда бөлiнуi мүмкiн сан жағынан анықталған үлесi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекітіп беруге, жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыруға байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10) жер учаскесi - осы заңда белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекітілiп берiлетiн, тұйықталған шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи ресурс, жалпыға бiрдей өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) шетелдiк жер пайдаланушылар - шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше (өзге де құқықтық) нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дара) меншiгiнде (өзге де құқықта) болады, ал ортақ мүлiк, оның iшiнде жер учаскесi де, оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесiлi болады және бөлек (дара) меншiктегi (өзге де ортақ құқығы) жылжымайтын мүлiк бөлiктерiне құқықтардан ажыратылмайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығы - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз қажеттерiн қанағаттандыруға арналған қызмет түрi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) ұлттық жер пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, қазақстандық заңды тұлғалар, соның iшiнде шетел қатысатын кәсiпорындар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16) мемлекеттік емес жер пайдаланушылар - азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17) жер қатынастарының объектiсi - Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі бүкiл жер, онда не орналасқандығына және олардың жекелеген субъектiлерге бекiтілiп берiлуiнiң құқықтық негiздерiне қарамастан, жекелеген жер учаскелерi, сондай-ақ жер учаскелерi мен жер үлестерiне құқықтар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18) меншiк құқығының объектiлерi - мемлекеттік және жеке меншiктегi жер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19) бастапқы жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығын осы Заңның 25-бабында көзделген тәртiппен тiкелей мемлекеттен не бұл құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) шартты жер үлестерiн дараландыру - кейiннен жер учаскесiн нақты күйінде алу және мәмілелер жасасу үшін ортақ пайдаланатын жер құрамындағы шартты жер үлесiнiң шекарасын жобалап белгiлеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы мерзiмсiз сипатта болатын тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) топырақ қабаты - жердiң құрғақ үстiңгi қабаты, тек өзiне тән құрылысы, құрамы мен қасиеттерi бар ерекше табиғи құрылым. Топырақ қабатының қуаты (тереңдiгi) оның аймақтық ерекшелiктерiне, бедерiне және топырақ құрайтын жыныстар құрамына байланысты болады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23) жер иелену құқығы - жердi нақты иеленудi жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнiң меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтеусiз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер учаскесiн иелену және пайдалану құқығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншiктегi жер учаскесiн өтеулi және (немесе) өтеусiз негiзде мерзiмсiз (жердi тұрақты пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде (жердi уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

26) жерге билiк ету құқығы - жердiң және жеке меншiк иесiнiң өз жер учаскесiне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған мәмiлелер жасауының заңдық тағдырын мемлекет анықтауының заң арқылы қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

27) жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы Заңда белгiленген негiздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28) сервитут - бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатты пайдалану, оның iшiнде жаяу өту, көлiкпен өту, қажеттi коммуникацияларды тарту мен пайдалану және басқа да мұқтаждар үшiн пайдалану құқығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29) арнайы жер қоры - ауыл шаруашылық мақсатындағы алқаптардың, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiнiң және шартты жер үлестерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердiң есебiнен құрылатын резервтегi жер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

30) орташа аудандық жер үлесi - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлердiң мамандануын ескергенде аудан бойынша шартты жер үлесiнiң орташа мөлшерi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31) жер құқығы қатынастарының субъектiсi - жер құқығы қатынасына қатысушы болып табылатын және соған орай осы құқық қатынасында құқығы бар және мiндет атқаратын субъект;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

32) шартты жер үлесi - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерiнiң, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылық ұйымдары қызметкерлерiнiң, сондай-ақ осы заңда аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесi, оған сәйкес бұдан бұрын аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамына енген жер учаскелерiне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы заңда көзделген өзге де құқықтар iске асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары

саласындағы құзыреті

  • Показать изменения

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

  • Показать изменения

Жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына мыналар жатады:

1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы негiзгi бағыттарды әзiрлеу;

  • Показать изменения

2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да iс-шаралармен кешендi түрде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасау мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және жердi қорғаныс қажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және қайтарып алу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жердi пайдалану құқығын ресiмдеу тәртібін анықтау;

  • Показать изменения

5) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн құжаттардың нысандарын бекіту;

  • Показать изменения

6) облыстық өкiлдi және атқарушы органдармен олардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын өзгерту мәселелерi жөніндегі ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;

  • Показать изменения

7) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртібін, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекіту;

  • Показать изменения

8) жерге орналастыруды жүргiзу, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

9) жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін белгiлеу;

10) облыстар арасындағы жер қатынастарын реттеу;

  • Показать изменения

11) осы Заңмен және өзге де заң актілерімен өз құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi

1. Орталық уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының қарауына мыналар жатады:

  • Показать изменения

1) жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу;

  • Показать изменения

2) жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру;

4) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру;

5) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау;

6) жердi аймақтарға бөлу негiзiнде оның пайдаланылуын жоспарлау мен оған болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу және тиiстi құжаттарды ресiмдеу;

7) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге лицензия беру;

8) мемлекет жеке меншiкке сататын немесе пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау;

  • Показать изменения

9) жердi аймақтарға бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

10) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн анықтау;

11) пайдаланылмай жатқан жердi және заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жердi анықтау;

12) жер заңдарын бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қолдану;

13) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргiзу;

14) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кенiштерiн дайындау, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңдарын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру;

15) анықталған жер заңдарын бұзушылықты жою жөнiнде орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беру;

16) жер заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау.