|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі Ким Георгий Владимирович - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша); Түзелбаев Нұрғали Ошпанбайұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; көрсетілген құрамнан Серік Ахметжанұлы Аханов, Анатолий Васильевич Константинов, Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |