|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 1846 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбындағы "Ақтөбемұнайгаз" деген сөз "Ақтөбемұнайгаз" - СНПС" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 1) тармақшасында: "Ақтөбемұнайгаз" деген сөз "Ақтөбемұнайгаз - СНПС" деген сөздермен ауыстырылсын; "сатып алу" деген сөздерден кейін "және оқшаулау" деген сөздер жазылып, "құқығынсыз" деген сөзден кейін "уәкілетті органмен келісім бойынша оларды тиісінше басқару мақсатымен сеніп берілген мүлікпен өзге де іс-қимыл жасау құқығымен" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жығы 14 желтоқсандағы № 1846 қаулысының күшін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1929 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |