|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 298-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеге: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Комиссияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басшылық жасайды"; 17-тармақта: соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "жергілікті атқарушы органдар жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның қызметін үйлестіреді"; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 355 қаулысына қосымша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысымен бекітілген" Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ораз Әлиұлы орынбасары, төраға Имашев - Қазақстан Республикасы Табиғи Берік Мәжитұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы Наталья Артемовна вице-министрі Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика Петр Петрович және минералдық ресурстар вице-министрі Нұрқиянов - Қазақстан Республикасының Ауыл Төлеухан Мұратқанұлы шаруашылығы вице-министрі Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика Болат Әбілқасымұлы және сауда вице-министрі Толқаншынов - Қазақстан Республикасының Әділет Әнуар Құрманбайұлы вице-министрі Өмірбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек Әділхан Әбдірахманұлы және әлеуметтік қорғау вице-министрі Оразбеков - Қазақстан Республикасының Ғалым Ізбасарұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қаржы Бектас Ғафурұлы министрлігі Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің төрағасы Кәнешев - Қазақстан Республикасының Көлік Біржан Бисекенұлы және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық Анатолий Александрович сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Елшібеков - Қазақстан Республикасының Серікбек Кеңесбекұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі Әкімшіліктендіру департаментінің директоры Нәубетова - Қазақстан Республикасы Министрінің Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасы хатшылығының сектор меңгерушісі Цой - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" Сергей Николаевич ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Абт - Қарағанды облысы кәсіпкерлер Николай Викторович қауымдастығының президенті (келісім бойынша) Әділбеков - Ақмола облысы әкімінің орынбасары Дәурен Зәкенұлы Бессонов - Қазақстан Республикасы Жиһаз және Евгений Анатольевич ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша) Бижкенова - Астана қаласындағы адвокаттар Раушан Ермекқызы алқасының "Шағын бизнес адвокатурасы" заң кеңесінің меңгерушісі (келісім бойынша) Казанцев - Астана қаласы кәсіпкерлерінің Павел Олегович құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастығының президенті (келісім бойынша) Кәкімжанова - техникалық ынтымақтастық Жарқын Әулиеханқызы жөніндегі (GTZ) неміс қоғамы өкілінің орынбасары, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық жобасының үйлестірушісі (келісім бойынша) Касумов - Қазақстан фермерлер "ҚазАгро" Борис Ибрагимович ұлттық федерациясының президенті (келісім бойынша) Захаров - Алматы кәсіпкерлері Андрей Михайлович қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша) Смагин - Қазақстанның Рыноктар және Алексей Петрович кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |