|
|
|
Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесі бекітілсін. 2. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көрсетілген мақсатқа арнап көзделген қаражаттың есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшін "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы уәкілетті ұйым болып белгіленсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 405 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесі 1. Жалпы шарттар ҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. № 87 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1950 қаулысына сәйкес "Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" (бұдан әрі - Лизинг) 10 212 85 бағдарламасы бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджет ақшасы (бұдан әрі - Қаражат) есебінен 1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың) теңге сомасында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы саласында лизингтік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін белгілейді. 2. Қаражат жаңа ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі - Техника) сатып алып, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында Лизинг ережелерінде орналастыру үшін және осыған байланысты шығыстарды жүзеге асыруға арнап сыйақының (мүдденің) жылдық 7 (жеті) пайыз ставкасы бойынша Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, 7 (жеті) жыл мерзімге бөлінеді. 3. Лизингті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттілік берген ұйымды (бұдан әрі - Ұйым) тартады. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі Қаржымині) Ауылшарминінен және Ұйыммен қаражатты Ұйымға бөлу тәртібін және оны республикалық бюджетке қайтару мерзімін реттейтін тиісті несиелік келісім (бұдан әрі - Несиелік келісім) жасасады. 5. Пайдаланылуы Лизинг ережелерінде жүзеге асырылатын машина жасау өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін және жобалардың шығыстар сметасын Ауылшармині бекітеді. 6. Ұйым лизинг беруші ретінде әрекет етеді және қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен оның республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етеді. 7. Лизинг алушыға Техниканы Лизингке берген ретте Ұйымның Қаражатты Қаржыминінен қайтаруы Ұйым лизинг алушылардан қабылдайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне (екінші деңгейдегі банктер кепілдеріне, кепілзатқа, кепілгерлікке, мүлікті ұстап қалуға) талаптар қою құқықтарын Ұйымның Қаржыминіне беруі олардың араларында шарттарға қол қою жолымен немесе Ауылшармині, Қаржымині және Ұйым арасында жасалатын Несиелік келісімде көзделетін Қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ұйымның талаптар қою құқықтарын Қаржыминіне беруі шартының күшіне енуі және талаптар қою құқықтарының іс жүзінде берілуі талаптар қою құқықтарын беру шартында көзделген жағдайларда және Қаржыминінің жазбаша талабы бойынша ғана жүзеге асырылады. 8. Мыналар Лизинг субъектілері болып табылады: 1) лизинг беруші - Ұйым; 2) сатушылар - ауыл шаруашылығы техникасын жеткізушілер (бұдан әрі Сатушылар); 3) лизинг алушылар - Лизинг заттарын Лизинг шарты ережелерінде кәсіпкерлік мақсаттар үшін қабылдайтын лизингтік мәміленің қатысушылары. 2. Лизингтік операцияларды жүргізу 9. Лизинг беруші мен лизинг алушы Лизинг ережелері, тараптардың кепілдіктері, міндеттері мен құқықтары бекітілген Лизинг шартын жасасады. 10. Лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ретінде екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, өтемді мүліктің және мүліктік құқықтардың кепілзаты, кепілгерлік, банктер аккредитивтері, мүлікті ұстап қалу қолданылады. 11. Лизинг беруші Техниканы лизинг алушыға бергенге дейін Сатушылар ұсынған шот-фактураға сәйкес Техниканы өзінің бухгалтерлік теңгеріміне кіріске алады. 12. Лизинг алушы өз кезегінде, келіп түскен Техниканы Лизингке алынған ретінде өзінің бухгалтерлік теңгеріміне есепке алады, заңда белгіленген тәртіппен ол бойынша тозуды қосып есептейді, Техникаға салынатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді және Лизинг шартында белгіленген мерзімдерде лизингтік төлемдерді өтейді. 13. Жылжымалы мүлік Лизингінің шарты жылжымалы мүлік кепілзатын тіркеуді жүзеге асыратын органдардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатады. 14. Техника бойынша Лизинг мерзімі 7 жылға дейін болады. 15. Лизинг беруші Ауылшарминімен келісім бойынша өз пайдасына сыйақы (мүдде) ставкасын жылдықтың 5 пайызына дейінгі мөлшерде тағайындай алады. 16. Лизинг шарты өзіне мыналарды енгізуі тиіс: 1) Лизинг шартының мәнісі және оның сипаттамасы; 2) Лизинг затын Сатушының атауы; 3) Лизинг алушыға Лизинг затын беру ережелері мен мерзімі; 4) лизингтік төлемдер мөлшері және кезеңділігі; 5) Лизинг затының құны; 6) Лизинг шартының қолданылу мерзімі; 7) егер шартта Лизинг затының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделген болса, мұндай өтудің ережелері; 8) Лизинг затын ұстау және жөндеу тәртібі; 9) Лизинг затын сақтандыру; 10) Лизинг затын лизинг берушінің атына міндетті мемлекеттік тіркеуді тараптардың біріне жүктеу; 11) лизинг алушының Лизинг шарты бойынша міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылауды жүзеге асыру тәртібі; 12) тараптардың жауапкершілігі; 17. Лизинг субъектілері оны жүзеге асыру және ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. 3. Ауыл шаруашылығында Лизингті қаржыландыру үшін бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылау 18. Несиелік қаражатты Ауылшарминінің бюджеттік шотынан Ұйымның шоты есебіне аударуды Ауылшармині Несиелік келісімде белгіленген тәртіппен, Қаржыминінен міндетті түрде келісе отырып, Ұйымның тапсырысы негізінде Техниканы жеткізуге келісім-шартты ұсынған ретте жүзеге асырады. 1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей Ауылшарминінен және Қаржыминіне бөлінген несиелік қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсынады; 2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей лизинг алушылардан төлемдердің түсуі туралы Қаржыминінен және Ауылшарминінен есеп ұсынады. 20. Ауыл шаруашылығында Лизинг ұйымдастыруға арнап бөлінген Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде Ауылшармині және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |