|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 және ҚР Үкіметінің 18.09.02 ж. № 1031 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде: 12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;"; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады."; 2) алынып тасталды 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |