|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) (ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 287 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 31 мамырдағы № 484 қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргізу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiмен (келісім бойынша) бiрлесе отырып, мемлекеттік құпияларды қорғауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларын аттестаттаудан өткізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар мен тесттерді бір ай мерзімде әзірлесін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы № 619 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргізумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргізу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткізу ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар (бұдан әрi - мемлекеттік құпияларды пайдалану жұмыстары) жүргiзуге рұқсат алу үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдарға (бұдан әрi - ұйымдар) арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткізудi ұйымдастыру мен жүргiзудiң бiрыңғай тәртібін белгілейдi. 2. Арнайы сараптама жүргiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауға арналған жағдайдың мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарына сәйкес келуiн анықтау мақсатымен жүзеге асырылады. 3. Ұйымдар басшыларын аттестаттау мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру үшiн аттестатталушының қажеттi білімiн бағалау мақсатында өткiзiледi. ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 287 қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Арнайы сараптамалар жүргiзудi және ұйымдар басшыларын аттестаттауды мыналар жүзеге асырады: мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қатысты; мемлекеттік құпияларды қорғау саласында ұйымдарға арнайы сараптамалар жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттау бөлiгiнде қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға белгiленген тәртiппен рұқсат алған ұйымдар - Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қатысты. 2. Арнайы сараптаманы жүргізу тәртібі ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 287 қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Ұйымдарға арнайы сараптамаларды сараптама комиссиялары жүзеге асырады. Сараптама комиссияларын мемлекеттік құпияларды қорғаудың тиiстi салаларында құзыреттi және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс істеуге қажеттi рұқсат нысаны бар мамандар арасынан осы Ереженiң 4-тармағында белгiленген мемлекеттік органдар мен ұйымдар құрады. Сараптама комиссияларының құрамына уәкiлеттi органның, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерi кiруi мүмкiн. 6. Арнайы сараптама жүргiзу үшiн мүдделi ұйым арнайы сараптамалар жүргізуге рұқсаты бар ұйымға өтiнiш бередi. Арнайы сараптама өтiнiш берушi ұйым мен арнайы сараптаманы жүзеге асырушы ұйым арасындағы шарт негiзiнде жүргiзіледi. Арнайы сараптама жүргiзу жөніндегі шығыстар өтiнiш берушi ұйымның есебiне жатқызылады. 7. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшiн арнайы сараптамалар ақысыз жүзеге асырылады. 8. Ұйымдарға арнайы сараптамалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) құпиялылық режимiн қамтамасыз ету; 2) құпия iс қағаздарын жүргiзу; 3) мемлекеттік құпияларды техникалық қорғаудың жай-күйi; 4) шифрланған, құпияланған, кодталған байланыс. Сараптама комиссиялары жұмысының басталу мерзiмдерi 5 күн бұрын ұйым басшылығына хабарланады. 9. Сараптама комиссиясы жұмысының нәтижелерi төраға бекiтетiн кесiммен ресiмделедi. Арнайы сараптама кесiмiнде ұйымдардың мемлекеттік құпияларды пайдалана отырып жұмыстарды жүзеге асыруға дайындығы (дайын еместiгi) туралы қорытынды берiледi. Арнайы сараптама кесiмi мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен байланысты жұмыс жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органына өтiнiш жасаушы ұйымның өтінішін қарау материалдарына қоса тіркеледі. 10. Арнайы сараптамалар ұйымдардың мынадай шарттарды орындауға дайындығын бағалау жолымен жүргiзiледi: 1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды орындау процесiнде көрсетiлген мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарын сақтау; 2) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша арнайы дайындалған қызметкерлердiң қажеттi саны мен біліктілiк деңгейi; 3) мемлекеттік құпияларды қорғаудың сертификатталған техникалық құралдарының бар болуы. 11. Ұйымдардың мемлекеттік құпияларды пайдаланумен байланысты жұмыстарды орындау процесiнде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарын орындауға дайындығын бағалау мыналарды көздейдi: 1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ құпиялылық режимiн ұйымдастыру құпия іс қағаздарын жүргiзу, мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау мен шифрланған байланыс жөніндегі нормативтiк-әдiстемелiк құжаттардың бар болуы; 2) ұйым құрылымында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмшенiң, осы жұмыс үшiн арнайы дайындалған, біліктiлiк деңгейi мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес келетiн қызметкерлердiң қажетті санының бар болуы немесе құпиялылық режимiн қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргiзу жөніндегі мiндеттерді арнайы тағайындалған қызметкерге жүктеу туралы бұйрықтың бар болуы; * ** 3) аттестатталған техникалық құралдардың және режимдi үй-жайлардың бар болуы. 12. Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша арнайы дайындалған қызметкерлер саны мен біліктiлiк деңгейiнiң жеткiлiктiлiгiн бағалау олардың мынадай жұмыстар түрлерiн орындауға дайындығын тексерудi көздейдi: 1) күзетiлетiн мәлiметтердi, ұйымның және оның өндiрiстiк қызметiнiң жасырылуын ашатын белгiлердi анықтау; 2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi техникалық қорғау жөнінде жұмыстар жүргiзу; 3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң сыртқа шығу арналарын анықтау; 4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу; 5) жұмыстардың барлық технологиялық циклы (өнiмдi әзiрлеу, дайындау және сынау) бойынша жұмыс орындарын аттестаттау; 6) шифрларды пайдалану, шифрлаушы техникаларды, құпияландыратын аппараттарды және кодтау техникаларын пайдалану; 7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауда қолданылатын шаралардың орындалуын бақылау. 13. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың сертификатталған техникалық құралдарының болуын бағалау құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттаудың белгiленген рәсiмдерiнiң арнайы талаптарға сәйкес келуiн тексеруден тұрады. 3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауға жауапты ұйымдар басшыларын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
14. Ұйым басшыларын аттестаттауды ұйымға арнайы сараптама жүргiзу үшiн құрылатын сараптама комиссиясы жүзеге асырады. 15. Аттестаттаудан мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметшi болып табылатын басшылары босатылады. 16. Аттестаттау тест әдiсiмен жүргiзiледi. 17. Аттестатталушы мыналарды бiлуге тиiс: 1) құпиялылық режимiн қамтамасыз ету, құпия iс қағаздарын жүргiзу, мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау мен шифрланған байланыс жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзгi талаптары; 2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру тәртібі. 18. Ұйым басшыларын тесттен өткізу нәтижелерi өтiнiш жасаушы ұйымдардың өтiнiштерiн қарау жөніндегі материалдарға қосып тiркеледi. 19. Ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етуге жауапты аттестатталған басшысы атқарып келген қызметінен босатылған ретте, жаңадан тағайындалған басшы ол қызметке тағайындалғаннан кейін бір айлық мерзімнен кешікпей аттестаттаудан өтуі тиіс. 20. Осы Ереженiң атқарылуын бұзғаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн өтiнiш берушi ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 21. Ұйымдарға арнайы сараптаманы және олардың басшыларын аттестаттауды жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн. * Техникалық құралдар - құпия ақпаратты өңдеу үшiн пайдаланылатын электронды-есептеу техникасы құралдары, байланыс, дыбыс жазу, дыбысты күшейту және дыбыс жаңғырту құралдары, теледидар және сөйлесу қондырғылары, құжаттарды дайындау мен көбейту құралдары, өрт және күзет дабылы құралдары, электрмен жабдықтау жүйелерi және басқа да жүйелер мен құралдар. ** Режимдiк үй-жай деп құпия ақпаратты өңдеу мен берудің техникалық құралдары орнатылған үй-жайлар, құпия мәселелер жөнiнде кеңестер мен келiссөздер жүргiзуге, сондай-ақ құпия материалдарды сақтауға арналған үй-жайлар түсiніледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |