ақпандағы № 54 бұйрығымен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға 1. Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 193-бабына сәйкес әзiрлендi және кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң тәртібін белгiлейдi. 2. Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауды (бұдан әрi - растау) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi. 2. Растауларды берудiң, тоқтатудың және керi қайтарып алудың тәртібі 3. Растау мүдделi адамның осы Ереженiң бiрiншi қосымшасына сәйкес ресiмделген өтiнiшiнiң негiзiнде берiледi. Өтiнiштi алған кезде Кеден комитетi осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштер мен растауларды тiркеу журналында оларды есепке алуды жүргiзедi. 4. Растау кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн тiкелей жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатынасушы не ұсыным бойынша кеден брокерiне ұсынылуы мүмкін: 1) электрондық тасығыштардағы кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыру жөніндегі бағдарлама. Бағдарлама Кеден комитетiнiң форматтарына (бұдан әрi - формат) сәйкес келуi тиiс; 2) егер өтiнiш берушi кедендiк брокер болып табылса, кедендiк брокер ретiнде қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесi. 5. Растау осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ресiмделедi, оның бiреуi өтушi берушiге берiледi, екiншiсi Кеден комитетiнде қалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|