ақпандағы № 54 бұйрығымен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі 1. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі осы ережелер (бұдан әрі - Ережелер) "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабына сәйкес және тауарларды арагiдiк мәлімдеудiң тәртібін анықтайды. 2. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бірыңғай тауарларды бірыңғай тұлға тұрақты түрде тасымалдаған кезде кедендік органның рұқсатымен тауарларды еркін айналысқа және экспортқа шығарудың кедендік режимдеріне сәйкес қолданылады. Арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысанда беріледі. 3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық іс-әрекетінің Тауарлық тізбесі бойынша 9 белгінің деңгейінде жіктеу коды бірыңғай болған жағдайда тауарлар бірыңғай болып есептеледі (бұдан әрі - ТМД СЭІӘ ТТ). 4. Егер, бірыңғай тұлға бірыңғай тауарды күнтізбелік бір айдың ішінде екі немесе одан да көп рет жеткізген жағдайда, тауар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бірыңғай тұлғамен тұрақты түрде тасымалданатын болып қаралады. 5. Жекелеген жеткізілімдердің немесе тасымалдау құралдарының санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты бойынша, күнтізбелік бір айдың ішінде тасымалданатын бірыңғай тауарлар кедендік мақсаттар үшін бірыңғай тұтастық болып қаралады. 6. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану кезінде тауарларды кедендiк ресiмдеуге қатысты Қазақстан Республикасы Кеден органы арагiдiк кедендiк жүк мәлiмдемесiн (бұдан әрi - АКЖМ) қабылдау күнi күшiнде болатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|