|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі; Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының «Жібек жолы - Қазақстан» ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени мұра ғылыми-өндірістік орталығының директоры (келісім бойынша); ал, «Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары»; көрсетілген комиссияның құрамынан: Көшербаев Қырымбек Елеуұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |