<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы (2004.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы

(2004.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысымен күші жойылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже бекітілсін.

2. "Тиiстi үлгiдегi білім беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 523-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Тиiстi үлгiдегi білім беру ұйымдары туралы үлгi ережеде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже ?кіметтiң жеке кесiмiмен бекітіледi.";

8-тармақтағы "мектептен тыс ұйымдарға" деген сөздер алынып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2001 жылғы 22 маусымдағы

№ 849 қаулысымен

бекітілген

Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы осы Ереже мектептен тыс ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйым) қызметiн белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Ұйым өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және Ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Ұйымдарда азаматтардың, қоғамның мемлекеттiң білімдiк және мәдени қажеттiлiктерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудiң қосымша дамыту бағдарламалары iске асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мемлекеттік Ұйымдардың білім беру қызметтерiне қол жеткiзудi мемлекет қамтамасыз етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Ұйымның негiзгi мiндеттерi:

1) балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсiптiк бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегiне, өздерiнiң қабiлеттерiн iске асыруына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету;

2) балаларды қоғам өмiрiне бейiмдеу;

3) олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

4) өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын қалыптастыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Ұйымдарға балалар мен жасөспiрiмдердiң шығармашылық сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студиялары; жас техниктердiң, туристердiң, натуралистердiң станциялары мен базалары; балалар музыка, көркемөнер және спорт мектептерi, өнер мектептерi; ынта-ықыластары бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру, туристiк лагерьлер; балалар парктерi, стадиондар, галереялар және басқа да ұйымдар жатады.

ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1208 қаулысымен 6-1 тармақпен толықтырылды

6-1. Мектептен тыс ұйымның әрбір түрi қызметiнiң тәртiбін Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қызметтi ұйымдастыру

7. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Ұйымның білім беру қызметi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Мемлекеттік Ұйымның педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген жеңiлдiктерге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Ұйым "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қызметiнiң негiздерi

ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1208 қаулысымен 11- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11. Ұйым өз бетiнше Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мектептен тыс ұйымның әрбір түрi қызметiнiң тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзiнде өз қызметiнің білім беру бағдарламасын әзiрлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Ұйымдағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады және тәрбиеленушiлердiң елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыластары мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Ұйымда нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтiк ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристiк және халықаралық құқық пен ізгiлiктiң жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетiн өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Жастары қатар және әртүрлi жастағы балалар Ұйымда ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйiрмеге, театрға (бұдан әрi топтар) бірiктiрiледi. Топтардың құрылуы балалардың өз таңдауларына негiзделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Топтардың қызметiн мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім беру стандарттары негiзiнде әзiрленген үлгі оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ескере отырып, педагог белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Топтарда сабақтар бірыңғай тақырыптық бағыттағы бағдарламалар немесе кешендi, үйлестiрiлген бағдарламалар бойынша өткiзiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесi мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негiзiнде дайындалған Ұйым бекiткен ережемен белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Ұйым топтарының толықтырылуын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19. Әр баланың бірнеше топта шұғылдануға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20. Ұйымда оқу-тәрбие процесi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Ұйымда білім алушыларды тәрбиеленушiлердi аурудан сақтандыру, олардың денсаулығын нығайту, денесiн шынықтыру, салауатты өмiр салтын ынталандыру шараларының орындалуы қамтамасыз етiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Білім беру процесiне қатысушылар

21. Ұйымдағы оқу процесiне қатысушылар: балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкiлдерi) болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22. Балаларды мектептен тыс ұйымдарға қабылдаудың жалпы тәртібін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23. Балаларды Ұйымға қабылдаудың тәртібін заңнамамен реттелмеген бөлiкте құрылтайшы белгiлейдi және ол Ұйымның Жарғысында бекітіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24. Балаларды Ұйымға қабылдау кезiнде Ұйым, ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi Ұйымның жарғысымен, білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясымен және қабылдау мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды реттейтiн басқа да құжаттармен таныстырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25. Білім алушылардың, ата-аналардың (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкiлдерiнiң), қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Ұйым жарғысымен және білім беру саласындағы өзге де заңнамалық кесiмдермен белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26. Ұйымның педагогикалық қызметiне тиiстi кәсiптiк білімi бар азаматтар жiберiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27. Қызметкер мен Ұйымның еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледi, оның шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуi тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Ұйымды басқару

28. Ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы ережеге және Ұйымның жарғысына сәйкес демократиялық, жариялылық, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркiн дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29. Ұйымды алқалы басқару нысаны Ұйым кеңесi, жалпы жиналыс, педагогикалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

30. Ұйымға тiкелей басшылықты директор жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31. Ұйым директорын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Кәсiпкерлiк қызмет

32. Ұйым жарғыға сәйкес, білім беру және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебiнен кiрiс әкелетiн қызметпен айналыса алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Халықаралық қызмет

33. Ұйымның халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келісімдер мен конвенциялар негiзінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Қорытынды ережелер

34. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

35. Ұйым қызметiнiң тәртібін осы Ережемен реттелмейтiн бөлiкте құрылтайшы белгiлейдi және ол Ұйымның жарғысында бекітіледi.