|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады."; 18-тармақ: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;"; 5) тармақша "құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi" деген сөздерден кейiн "және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |