|
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы Қазақстан
2008 ж. 17 қарашадағы № 79-ІV ҚР Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Біліктілік алқасын құру (4 - 6 баптар) 3-тарау. Біліктілік алқасы мүшелерінің өкілеттігі (7 - 9 баптар) 4-тарау. Біліктілік алқасының отырыстары (10 - 12 баптар) 5-тарау. Біліктілік емтихандарын өткізу тәртібі (13 - 14 баптар) 6-тарау. Судья қызметіне тағайындау туралы ұсыным (15 - 17 баптар) шығару 7-тарау. Судья қызметінен босату туралы ұсынымды (18 - 21 баптар) қабылдау 8-тарау. Қорытынды ережелер (22 - 25 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет біліктілік алқасының мәртебесiн, құрылу тәртібін және жұмысын ұйымдастыруды анықтайды. 1-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктілік алқасының мәртебесi және оның негiзгi мiндеттерi 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктілік алқасы (бұдан әрi Алқа) Мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнiнiң оқытушылары мен заңгер-ғалымдардан, әдiлет органдарының қызметкерлерiнен құралатын дербес, тәуелсiз мекеме болып табылады. 1) аудандық және соларға теңестiрiлген соттар төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидаттарды сапалы iрiктеудi қамтамасыз ету және оларға ұсынымдар беру; 2) судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету Алқаның негiзгi мiндеттерi болып табылады. 2-бап. Бiлiктілік алқасы туралы заңдар Бiлiктілік алқасы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесiн белгiлейтiн Конституциялық заңнан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 1. Алқа: 1) аудандық немесе соған теңестiрiлген сотта, сондай-ақ жоғары тұрған соттарда судья болып жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдайды және аудандық немесе соған теңестiрiлген соттың судьясы мен төрағасы қызметiне тағайындау туралы ұсыным бередi; 2) судья қызметiне орналасу үшiн біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың есебiн жүргiзедi; 3) аудандық немесе соған теңестiрiлген соттың судьясы мен төрағасының орнынан түсуi немесе орнынан түсуiн тоқтату туралы мәселелердi қарайды және аудандық немесе соған теңестiрiлген соттың судьясы мен төрағасын қызметiнен босату туралы ұсыным шығарады. 2. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Алқаның мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажеттi ақпараттар мен құжаттар сұратып алдыруға және алуға, сондай-ақ өз жұмысына мамандарды тартуға құқығы бар. 2-тарау. Біліктілік алқасын құру 4-бап. Алқаның құрамы 1. Алқаның құрамына: 1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын төраға; 2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi жiберетiн екi депутат; 3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы сайлаған жетi судья (облыстық және соларға теңестiрiлген соттардың жалпы отырыстары ұсынған кандидаттар арасынан аудандық және соған теңестiрілген соттың екi судьясы, облыстық және соған теңестiрiлген соттың үш судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының екi судьясы); 4) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайтын прокурор; 5) ғылым және білім беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып Әдiлет министрлігі жiберетiн құқық пәнiнiң оқытушысы мен заңгер-ғалым; 6) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi тағайындайтын әдiлет органының қызметкерi кiредi. 2. Жұмысты ұйымдастыру үшiн Алқа өз құрамынан ашық дауыс беру арқылы екi жыл мерзiмге хатшы сайлайды. 5-бап. Алқа мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар Алқаның құрамына ұсынылатын адамдардың заң iсi саласында терең кәсiби білімi, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi, ол принципшiл және мiнсiз абыройлы болуға тиiс. Судьялардың, прокурорлардың және әдiлет органдары қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл еңбек стажы болуға тиiс. Құқық пәнiнiң оқытушысы мен заңгер-ғалымның заң ғылымының докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесi болуға тиiс. 6-бап. Алқа мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi 1. Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын Алқаның құрамына Парламент Мәжілісi екi жыл мерзiмге жiбередi. 2. Судьялар екi жыл мерзiмге сайланады. 3. Прокурорды және әдiлет органдарының қызметкерiн тиiсiнше Бас Прокурор және Әдiлет министрi екi жыл мерзiмге тағайындайды. 4. Құқық пәнiнiң оқытушысы мен заңгер-ғалым екi жыл мерзiмге жiберiледi. 5. Қайсыбiр мүше шығып қалған жағдайда Алқаның жаңа мүшесi екi айдан кешiктiрiлмей жiберiлуге немесе тағайындалуға тиiс. 3-тарау. Біліктілік алқасы мүшелерінің өкілеттігі 7-бап. Алқа төрағасының өкiлеттiгi 1. Алқа төрағасы: 1) Алқа жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады, Алқа отырыстарында қарау үшiн мәселелер дайындауға басшылықты жүзеге асырады; 2) Алқа шешiмi негiзiнде конкурсқа қатысуға жiберiлген адамдар тiзiмiн, сондай-ақ конкурсқа қатысуға жiберiлмеген адамдар тiзiмiн бекiтедi; 3) Алқа отырыстарында төрағалық етедi және оның шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; 4) Алқа қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi; 5) өзiне заңдарда жүктелген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Алқа төрағасы болмаған жағдайда оның мiндетiн уақытша атқару Алқа хатшысына жүктеледi. Хатшы болмаған жағдайда төраға мiндетiн атқару Алқа шешiмiмен оның мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi. 1) Алқа мүшелерiнiң ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi түзедi және олар туралы төрағаға алдын ала баяндайды; 2) Алқа отырыстары хаттамаларының, ол қабылдаған қорытындылар мен ұсынымдардың үзiндi көшiрмелерiн өз қолын қойып куәландырады; 3) келiп түскен материалдарды зерделейдi, оларды төрағаға баяндайды, оның тапсырмасы бойынша қосымша құжаттарды сұратып алдырады, тексеру ұйымдастырады; 4) Алқа жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi; 5) Алқа отырысына шақырылған адамдардың келуiн ұйымдастырады; 6) төрағаның өкiмдерi мен Алқаның шешiмдерiн орындайды. Хатшы болмаған жағдайда, оның мiндетiн уақытша атқаруды Алқа төрағасы оның мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi. 8-бап. Алқа мүшелерiнiң құқықтары Алқа мүшесi: 1) Алқаның қарауына берiлген материалдармен танысуға; 2) материалдарды зерделеу мен тексеруге қатысуға; 3) қаралатын мәселелер бойынша өтiнiштi мәлiмдеуге, себептерi мен дәлелдемелерiн келтiруге; 4) қолында бар құжаттарды табыс етуге; 5) шешiм қабылдауға дауыс беру арқылы қатысуға; 6) Алқаның шешiмдерiне қол қоюға құқылы. 9-бап. Алқа мүшесiне қарсылық бiлдiру Егер Алқа мүшесiнiң мүдделi еместiгiне күмән туғызатын мән-жайлар айқындалса, оны мәселенi қарауға қатыстыруға болмайды және оған қарсылық (өз-өзiне қарсылық) бiлдiрiлуге тиiс. Алқа мүшесiне қарсылық білдірудi қаралатын мәселенi ұсынған адамдар да, қаралатын мәселеге қатысты адамдар да мәлiмдей алады. Алқа мүшесiне қарсылық (өз-өзiне қарсылық) бiлдiру туралы шешiм жазбаша нысанда және қарсылық бiлдiрiлген адамның қатысуынсыз көпшiлiк дауыспен қабылданады. 4-тарау. Біліктілік алқасының отырыстары 10-бап. Алқа отырыстары 1. Алқа өз отырыстарын қажетiне қарай өткiзедi, бiрақ ол жылына төрт реттен кем болмауға тиiс. 2. Алқаның отырыстары ашық және жария өткiзiледi, ал қажет болған жағдайда Алқа шешiмiмен жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Егер отырыстарға Алқа мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі. 3. Алқа отырыстарының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы оның мүшелерi мен шақырылған адамдар он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi. 4. Алқа материалдарды олар келiп түскен күннен бастап үш айлық мерзiмнен кешiктiрмей қарайды. 11-бап. Алқа отырысын өткізу тәртібі 1. Алқаның отырысын оның төрағасы жүргiзедi. Отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өкілдерi шақырылуы мүмкiн. 2. Алқа отырысында шешiлуге тиiс мәселелердi қарау төрағалық етушiнiң немесе Алқа қарауына түскен ұсынысты және өзге де материалдарды алдын ала зерделеген Алқа мүшесiнiң баяндамасымен басталады. Содан кейiн алқа отырысына шақырылған адамдар тыңдалады, қажеттi материалдар зерделенедi. 1. Алқаның шешiмi отырысқа қатысып отырған оның мүшелерiнiң көпшілiк даусымен қабылданады. Дауыс беру өзiне қатысты мәселе шешiлiп жатқан адам және шақырылған адамдар болмаған кезде де жүргiзiлуi мүмкiн. 2. Алқаның шешiмi жазбаша түрде баяндалады және онда шешiмнiң шығарылған күнi мен орны, мәселенi қараған Алқа құрамы, қабылданған шешiмнiң дәлелдерi жазылуға тиiс. Шешiмге төрағалық етушi және Алқа мүшелерi қол қояды. 3. Қаралған мәселелер бойынша Алқа отырысқа қатысқан барлық Алқа мүшелерi қол қойған хаттамалық шешiмдер және (немесе) ұсынымдар қабылдайды. Алқа мүшелерiнiң дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. 4. Қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Алқа мүшесi ерекше пiкiрiн баяндауға құқылы. 5. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. 5-тарау. Біліктілік емтихандарын өткізу тәртібі 13-бап. Білiктілік емтихандарын тапсыру талаптары 1. Судьялыққа кандидаттан біліктілік емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады. 2. Емтихан қабылдау алдындағы бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн атқару кезіндегі терiс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен, құқық қорғау органдарынан немесе мемлекеттік қызметтен шығарылған адамдар біліктілiк емтиханын тапсыруға жiберілмейдi. 3. Бiлiктілік емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды тапсыруға бiр жылдан кейiн ғана жiберiледi. 14-бап. Бiлiктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту Судьялыққа кандидаттар заңда қойылған талаптарға сай келмеген жағдайда, олардан білiктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол берiледi. Білiктілік емтихандарын тапсыруға жiберуден бас тартылған жағдайда Алқа өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде азаматқа нақты заңның бұзылғандығына сiлтеме жасай отырып, дәлелдi бас тарту қағазын беруге мiндеттi. 6-тарау. Судья қызметіне тағайындау туралы ұсыным шығару 15-бап. Конкурстық комиссияны өткізу шарттары 1. Алқаның судья қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижесi бойынша берiледi. 2. Тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органның аудандық немесе соған теңестiрiлген сот судьясы қызметi орнының босағаны туралы ұсынысы Алқаның конкурс өткізуiне негiз болып табылады. 3. Судьяның бос қызмет орнына орналасуға кандидатуралар iрiктеу жөніндегі конкурстың өткiзiлетiн мерзiмi мен орны туралы хабарламаны Алқа конкурс өткізуден бiр ай бұрын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жариялайды. 1. Конкурсқа қатысу үшiн Алқаға өтiнiш және тiзбесi Алқаның регламентiнде белгiленетiн басқа да құжаттарды беру қажет. 2. Судья қызметiне Алқаның ұсынымын алуға арналған конкурсқа: 1) судьялар; 2) судья қызметiне біліктілік емтихандарын тапсырған және судьялар резервiне енгiзiлiп, тағылымдамадан өткен судьялыққа кандидаттар қатыса алады. 17-бап. Алқаның судьялыққа кандидат ұсынуы 1. Алқа Қазақстан Республикасы Президентiне аудандық және соған теңестiрiлген сот судьяларының, сондай-ақ төрағаларының бос қызмет орындарына тағайындауға ұсыну үшiн Әдiлет министрiне кандидат ұсынады. 2. Алқаның ұсынымдарын Әдiлет министрi бiр ай мерзiмде қарайды. Әдiлет министрi ұсынылған кандидатурамен келiспесе, ол Қазақстан Республикасының Президентiне осы кандидатура бойынша дәлелдi қорытындымен ұсыныс енгiзедi. 7-тарау. Судья қызметінен босату туралы ұсынымды қабылдау 18-бап. Судья қызметiнен босату туралы мәселенi қарау үшiн негiздер 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы Алқаның судьяны қызметiнен босату туралы мәселенi қарауына негiз болып табылады. 2. Алқа ұсынысты алғаннан кейiн судьядан және басқа адамдардан жазбаша түсiнiктеме алу, тиiстi материалдарды сұратып алдырып, танысу, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзге де ақпарат алу арқылы ондағы мәлiметтердi тексередi. 3. Төрағаның тапсыруы бойынша судьяға қатысты тексерудi құрамында Алқаның кемiнде үш мүшесi бар комиссия жүргiзедi. 4. Тексеру нәтижесi бойынша анықтама толтырылады. Анықтамада ашылған мән-жайлардың баяндалуы, тексерушілердiң қорытындысы мен ұсыныстары және олардың қойған қолдары болуға тиiс. 19-бап. Судьяны тексеру нәтижелерiмен таныстыру 1. Өзiне қатысты тексеру жүргiзiлген судья тексерудiң анықтамасымен және материалдарымен таныстырылуға тиiс. Бұл ретте ол қосымша түсiнiктемелер берiп, жекелеген мән-жайларды тексеру туралы өтiнiш жасай алады. 2. Өзiне қатысты тексеру жүргiзiлген судья тексеру анықтамасымен және материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол жөнінде хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген адамдар қол қояды. 20-бап. Судьяны қызметiнен босату туралы мәселенi қарау 1. Алқа судьяны қызметiнен босату туралы мәселенi судья тексеру материалдарымен таныстырылған күннен бастап бiр ай мерзiмде, бiрақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы алынған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей қарайды. 2. Алқа мәселенi қараған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы алынған судьяның түсiнiктемесiн тыңдауға тиiс. Судьяның Алқа отырысына дәлелсiз себептермен келмей қалуы мәселенi қарауға кедергi болмайды. Отырыста судьяның да, комиссияның да өтiнiшi бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарламалары тыңдалып, құжаттар жария етiлуi және өзге де материалдар қаралуы мүмкiн. 3. Мәселенi қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысында көрсетiлген негiздер шегiнде ғана жүргiзiледi. 4. Алқаның шешiмiнде негiзге алынып ұсыныс жасалған мән-жайлар, судьяның түсiнiктемесi, судьяның iс-әрекетi мен жеке басын сипаттайтын мәлiметтер, дәлелдемелерге сiлтеме жасалып қабылданған шешiмнiң себептерi, сондай-ақ шешiмге шағым жасаудың тәртібі мен мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс. 21-бап. Аудандық және соған теңестiрiлген сот төрағасын қызметiнен босату туралы мәселенi қарау Алқа аудандық және соған теңестiрiлген сот төрағасын қызметiнен босату туралы мәселенi аудандық және соған теңестiрiлген сот судьясы жөніндегі мәселе сияқты қарайды. 22-бап. Алқаның қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Алқаның қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осы Заңмен реттелмеген құжаттар қабылдау, Алқада біліктілік емтихандарын тапсыру, конкурс өткізу, ұсыным беру тәртібі, сондай-ақ ішкі тәртіп пен қызметті ұйымдастыру мәселелері Алқа мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен Алқа қабылдайтын регламентпен белгіленеді. Алқаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өз атауы бейнеленген мөрі болады. 25-бап. Алқаның төрағасы мен мүшелерінің куәлігі Алқаның төрағасы мен мүшелеріне белгіленген үлгіде куәліктер беріледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |