|
|
|
«Халықаралық көрмелер дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Халықаралық көрмелер дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Кәсіпорынның ағымдағы қызметімен байланысты шығыстар шегеріліп, Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруға бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 3) «2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын. 4. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халықаралық көрмелер дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы № 1988 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |