|
|
|
«Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау Санаткерлiк меншiк құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, осы салада бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, туынды авторларының және басқа да құқық иеленушілерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі айлық мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Бағдарламаны әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1249 қаулысымен мақұлданған Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасы 1. Кiрiспе Санаткерлiк меншiктi қорғау жүйесi қазiргi кезде ұлттық инфрақұрылымның ажырамас бөлiгіне айналды. Жиырма бiрiншi ғасыр санаткерлiк экономика заманына айналады деп айтуға барлық негiзi бар, шығармашылық қызмет және оны құқықтық қорғаудың сенiмдi жүйесi оның дамуында шешушi роль атқаратын болады. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғылыми-техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретінде Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының (ДСМҰ) мүшесi бола отырып, қазақстандық, сондай-ақ шетелдiк құқық иелерiнiң де қабылданған әлемдiк стандарттарға жауап беретiн деңгейдегi санаткерлiк меншiкке құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуi тиiс. Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат туындыларды жасау, санаткерлiк қызметтiң басқа да нәтижелерi мен оларды техниканың және технологияның ең жаңа объектiлерiнде пайдалануды байланыстыратын буын болып табылады. Бұл ретте осы құқықтарды қорғау жүйесi: республикада ғылыми-техникалық әлеуеттiң нығаюына, шығармашылық қызметтi ынталандыруға; жаңа технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығаруға; инновациялық қызметтiң дамуы үшiн жағдай жасауға; жаңа техникамен және технологиямен iшкi және халықаралық алмасу үшiн жағдай жасауға, ғылыми-техникалық өнiмнiң рыногын қалыптастыруға; адал бәсекелестiктi қолдауға жағдай жасауға; iшкi рынокты контрафактiлiк тауарлардан қорғауға, отандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызмет көрсетулерiн қолдауға; қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және ғылымды қажетсiнетін әрi жоғары технологиялық өнiмдердi шығаруға инвестицияларды тартуға; жаңа жетiстiктер мен талдамалар туралы ақпаратты қалыптастыруға және таратуға ықпал етедi. Санаткерлiк меншiк құқықтары жүйесiнiң тиiмдi жұмыс істеуi мемлекеттік органдардың қызметiнде басым бағыттардың бiрi болуы және осы салада мемлекеттік айқын қалыптастырылған ұлттық саясат негізiнде жүргiзiлуi тиiс. 2. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғаудың қазiргi жай-күйi Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының аумағында негiзiнен шетелден келiп түсетiн контрафактiлi өнiмдердiң таралғанын туралы атап өтуге тура келедi. Бiрақ мұндай өнiмдердiң келiп түсуiнiң және таралуының алдын алу жөнiндегі шаралардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында санаткерлiк меншiк құқығын қорғау жөніндегі шаралар тиiмдiлiгi жеткiлiксiз, осыған байланысты мемлекет тарапынан анағұрлым қатаң шаралар қабылдауды қажет етедi. Оларды қабылдау Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықта санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етушi мемлекет ретiнде оң бейнесiн қалыптастыруға ықпал ететiн болады. Тиiстi құқық қолдану практикасының болмауы әсер етуде, бақылаусыздыққа жол берiлуіде, қызметтiң жеке түрлерiн лицензиялау сияқты бақылау тетігі пайданылмауда. Қазақстан Республикасында санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етуге тиiс мемлекеттік органдардың жүйесi құрылды. Алайда, бұл жұмысты тиiмдi iске асыру үшiн барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өзара тығыз iс-қимылы қажет болады. Сонымен қатар, авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiп меншiк объектiлерiн қорғау құжаттарын сараптау және беру жүйесi жолға қойылды, жоғары біліктi патенттiк сенiмдi өкiлдердiң штаты құрылуда. Мемлекет заңдық негізде өзiнiң атқарушы органдарының, мемлекеттік емес ұйымдарының iс-қимылын үйлестiредi, санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң құқық иеленушiлерi мен пайдаланушылары арасында өзара өркениеттi қатынастардың қалыптасуына ықпал етедi. Қазiргі кезде санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгi функциялар қолданыстағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Санаткерлiк меншiк құқықтары жөніндегі комитетiне және басқа да құзыреттi органдарға берiлдi. 3. Санаткерлiк меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттары Қазiргi кезде 1992 жылы басталған санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласында заңнамалық база қалыптастыру жөнiндегі жұмыс жан-жақты сипат алды. Тұтас бөлiмi санаткерлiк меншiк құқығына арналған Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң Ерекше бөлiмiн 1999 жылы қабылдау осы салада құқықтық реттеудiң дамуының маңызды кезеңi болып табылады. Қазақстан Республикасында санаткерлiк меншiк құқығын қорғау қазiргi кезде мынадай заңдармен реттеледi: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының патент Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңы; «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Заңы; «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңы; 1992 жылдан бастап өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғауға байланысты әртүрлi мәселелердi реттейтiн бiрқатар заң нормативтік актiлер қабылданды. Санаткерлiк меншiк құқықтарымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн Қылмыстық Кодекс пен Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң қабылдануы санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етудегi маңызды кезең болып табылады. Қазiргi кезде Қазақстан ДСМҰ құрған 1967 жылғы 14 шiлдедегі Конвенцияның толық құқықты қатысушысы болып табылады. Қазақстан Республикасы авторлық құқық қорғау саласында Әдеби және көркем шығармашылықты қорғау туралы Берн конвенциясы (1886 жылғы) және Фонограмма жасаушылардың мүддесiн олардың фонограммаларын заңсыз көшiруден қорғау туралы Конвенцияға (1971 жылғы) қосылды. 1993 жылғы 5 ақпандағы "Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы декларациясына" сәйкес Қазақстан ДСМҰ қамқорлығында қолданылатын бiрқатар негiзгi шарттардың, келісімдердiң және конвенциялардың, соның iшiнде: 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау туралы Париж конвенциясының; 1891 жылғы 14 сәуірдегі Халықаралық белгiлердi тiркеу туралы Мадрид келісімiнiң; 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперациясы туралы шарттың толық құқықты мүшесi болып табылады. 4. Тұжырымдаманың мақсаттары мен мiндеттерi Осы Тұжырымдаманың мақсаттары Қазақстан Республикасының аумағында санаткерлiк меншiк объектілерiн тең құқықты пайдалану (сату) мен қорғау (сақтау) саласында мемлекеттік саясаттың негiздерiн баяндау болып табылады. Тұжырымдаманың негiзгi мiндеттерi мыналар: санаткерлiк меншiк құқығын қорғаудың барабар стандарттары мен қағидаттарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асыру жөніндегі тиiмдi құралдармен қамтамасыз ету; ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекенi дамыту үшiн жағдай жасау; Қазақстан Республикасының санаткерлiк меншiк саласындағы экономикалық, технологиялық және ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету; санаткерлiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдалануын кеңейту; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаткерлiк меншiк объектiлерiне қол жеткізуiн қамтамасыз ету саясатын қалыптастыру кезіндегі мемлекеттiң рөлiн күшейту. 5. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi қағидаттары Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы елдiң мәдени және әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған. Тұжырымдама мынадай негiзгi қағидаттарға негiзделедi: санаткерлiк меншiк құқығының конституциялық кепiлдiктерiн сақтау; санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы халықаралық мiндеттердi орындау; ұлттық қауiпсiздiк; санаткерлiк меншiк саласындағы мемлекеттік қатынастарды реттеу; санаткерлiк меншiк құқығы саласындағы құқықтық білімдi насихаттау; мемлекеттi қоса алғанда барлық құқықтық қатынас субъектiлерiнiң мүдделерiн теңдестiру. 6. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды дамытудың негізгi бағыттары 6.1. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру Қазақстан Республикасының санаткерлiк меншiк саласындағы қазiргі кездегi қолданыстағы заңдары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар мен конвенциялардың негізгі ережелерiне сәйкес келедi. Авторлық құқық саласында Қазақстан Республикасының Авторлық құқық жөнiндегі, орындау мен фонограммалар жөнiндегі ДСМҰ-ның шарттарына, Орындаушылардың, фонограмма жасаушылар мен хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (1961 жылғы Рим конвенциясы) қосылуы жөніндегі жұмысты аяқтау қажет. Биотехнологиялар саласындағы өнертабыстарды анағұрлым толық қорғауды қамтамасыз ету, дүниежүзiлiк патенттiк қоғамдастықтың интеграциялық процестерiне белсендi қатысу және ұлттық патенттiк заңнаманы үйлестiру үшiн өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мынадай халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылу қажет: 1977 жылғы 28 сәуірдегі "Патент рәсiмiнiң мақсаттары үшiн микроорганизмдердi депозиттеудi халықаралық тану туралы" Будапешт шарты; 1957 жылғы 15 маусымдағы "Белгiлердi тіркеуге арналған тауарлар мен қызметтердiң халықаралық классификациясы туралы" Ницца келісімi; 1968 жылғы 8 қазандағы "Өнеркәсiптiк үлгiлердiң халықаралық жiктемесiн жасау құру туралы" Локарно келісімi; 1971 жылғы 24 наурыздағы "Халықаралық патент жiктемесi туралы" Страсбург келісімi; 1994 жылғы 27 қазандағы "Тауарлық белгiлер жөніндегі заңдар туралы" шарт. Азаматтық кодексте аталған санаткерлiк меншiктiң қорғалатын барлық объектiлерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны қалыптастырудың аяқталуы мақсатында: - санаткерлiк меншiктiң ЭЕМ-ге арналған бағдарламалары, фирмалық атаулар мен ашылмаған ақпарат, Интернеттегi құқықтарды қорғау сияқты құқықтық меншiк объектілерiн құқықтық қорғау мәселелерiн; - Қазақстан Республикасында жасалатын құпия өнертабыстармен айналысуды реттейтiн заң кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау қажет. Бұдан басқа: - кинематография шығармаларын пайдаланушылардың қызметiн; - атқарушы органдардың санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріндегі қызметiн; - тауарлық белгiнiң жалпыға белгiлi болып танылуының өлшемдерi мен тәртібін; - селекциялық жетiстiктерге патенттер беруге өтiнiмдердi құрастыру, беру және қарау тәртібін, сондай-ақ селекциялық жетiстiктердi патенттеу үшiн ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртібін; - санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды кедендiк шекара арқылы өткізу үшiн кедендiк бақылау тәртібін реттейтiн қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi және қабылдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, мемлекеттік органдардың құзыретiн белгiлеу бөлiгіндегi заңнамалық кесiмдердi одан әрi жетiлдiру талап етiледi. 6.2. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығы Осының шеңберiнде өнертабыстарды құқықтық қорғаудың аймақтық жүйесiнiң тұжырымдамасы әзiрленген Өнеркәсiп меншiгiн қорғау мәселелерi жөніндегі мемлекетаралық кеңеске қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының маңызды саласы болып табылады, мұның өзi, сайып келгенде Қазақстан 1995 жылы бекiткен, Еуразиялық патент конвенциясына қол қоюға қол жеткiздi. Қазақстан Республикасына ДСМҰ-ның бас директоры Камил Идристiң 2001 жылғы ақпандағы сапары барысында Қазақстан Республикасы ?кіметi мен ДСМҰ арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Бағдарламаның мақсаты: санаткерлiк меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын басқа елдердiң тәжiрибесiн және үйлесiмнiң халықаралық үрдiстерiн ескере отырып, жетiлдiру; санаткерлiк меншiк құқықтарының бұзылуын анықтау, жолын кесу және тыю мақсатында Қазақстан Республикасының санаткерлiк меншiк саласындағы құқық қолдану практикасын жетiлдiру; Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлi шаруашылық субъектiлерi жүзеге асырып жатқан ғылыми, техникалық және экономикалық қызметтерiн тиiстi салаларында санаткерлiк меншiктiң рөлiн күшейтуге бағытталған бiрлескен iс-шараларды жүргізу болып табылады. Аталған Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар кешенiн толық iске асыру қажет. ТМД елдерiмен санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастық белсендi дамуда. 1993 жылы 24 қыркүйекте ТМД мемлекетiнiң басшылары қол қойған "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы" келісім қолданылуда. Қазақстан Республикасы, соның iшiнде Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Грузиямен, Әзiрбайжан Республикасымен өнеркәсiптiк меншiктi қорғау мәселелерi жөнiнде бiрқатар екiжақты үкiметаралық келісімдер жасады. Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық хақында "Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы" , "Жалған тауар белгiлерi мен географиялық көрсеткiштердi пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы" , "Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы" ТМД елдерiмен жасалған келісімдерге қол қойылды және бекітілдi. 6.3. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мамандар даярлау Көптеген жағдайда санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау жүйесiнiң тиiмдiлiгi аталған құқықтардың бұзылуына байланысты iстердi соттардың және уәкiлеттi органдардың жылдам және біліктi түрде қарауына байланысты болады. Бұл ретте, санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесудiң құқық қолдану тәжiрибесi практикасы негiзгi мiндет болып табылады. Санаткерлiк меншiк құқықтарының бұзылуына байланысты істердi жылдам және біліктi түрде қарауын қамтамасыз ету үшiн Әдiлет министрлігі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесi сот сарапшыларының санаткерлiк меншiк объектiлерiн заңсыз пайдалану фактiлерiн анықтаумен байланысты сараптама жүргізу үшiн қайта даярлау біліктiлiгiн көтеру қажет. Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтармен күрестi жетiлдiру мiндетi жаңа формациядағы мамандарды қажетсiнуiн көздейдi. Кадрларды даярлау, оқыту және қайта даярлау да маңызды мiндет болып табылады. ЭЕМ-ның, деректер базасының бағдарламаларына құқықтарды қорғауға байланысты, сондай-ақ, Интернеттегi авторлардың және өнеркәсiп меншігі объектiлерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты істердi қарау судьялар үшiн таныстығы шамалы сала болып табылады және қорғау объектiлерiнiң ерекшелiгiне қарай белгілi бiр қиындықтар тудырады. Аталған санаттағы iстердiң тиiмдi қаралуы мақсатында санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы қолдану бөлiгiнде жұмыс iстеп жүрген судьялардың біліктiлiгiн арттыруды қамтамасыз еткен жөн. Санаткерлiк меншiк саласында мамандар даярлау жөніндегі мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының ДСМҰ-ға қатысушы ретiндегі артықшылығын, соның iшiнде: мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдардың санаткерлiк меншiк саласындағы мамандарды, сондай-ақ оқытушыларды әкiмшiсi ДСМҰ болып табылатын бағдарламалар бойынша оқыту; санаткерлiк меншiк саласындағы әртүрлi маманданған орталардың жалпы білім деңгейiн көтеруге арналған теориялық және практикалық семинарлар мен симпозиумдарын бiрлесiп ұйымдастыру; оқыту әдiстемелерiн, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, жетiлдiру курстарын немесе арнайы мамандану курстарын және қашықтықтағы оқытуды бiрлесiп әзiрлеу артықшылықтарын неғұрлым белсендi түрде пайдалану керек. 6.4. Тұжырымдаманы іске асырудың тетiктерi Осы тұжырымдама санаткерлiк меншiк құқықтарының алдағы 5-7 жылдағы дамуы мен қорғалуын көздейдi, орындалуы Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына жүктелетiн негiзгi бағыттары мен мiндеттерiн айқындайды. Осы мақсаттарды іске асыру үшiн: санаткерлiк меншiк саласындағы заңнамалық, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде тұрақты жұмыс жүргiзу; санаткерлiк меншiк құқықтарының даму және қорғау перспективаларын ескерiп, тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі Бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарын әзiрлеу; санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мәселелерiмен айналысатын мамандарды нысаналы даярлау мен қайта даярлауды жүзеге асыру; екiжақты және көпжақты мемлекетаралық және ведомствоаралық шарттардың негізiнде санаткерлiк меншiк саласындағы жұмыс тәжiрибесiн алмасуды қамтамасыз ету; нормативтiк құқықтық құжаттарды қабылдау арқылы санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың бiрлескен жұмысын күшейту; бұл ретте халықаралық ұйымдар мен жекелеген инвесторлардың қаржы қаражаттарын тарта отырып, Тұжырымдаманың жекелеген ережелерiн орындау үшiн қаржыландыру көздерiн белгiлеу көзделедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |