|
|
|
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. ҚР Үкіметiнiң 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Ішкі әскерлер құрамалары мен бөлімдері" деген жолда "20548" деген сан "21048" деген санмен ауыстырылсын; "оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер" деген жолда "14838" деген сан "15190" деген санмен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолда "96393" деген сан "96893" деген санмен ауыстырылсын. 5. Алматы облысының әкімі белгіленген тәртіппен Мекемені қажетті қызметтік үйлермен және тұрғын жайлармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қызметті қамсыздандырудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |