|
|
|
Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы (2013.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
«Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/487 бұйрығын қараңыз
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 773 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысаны бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 30.04.04 ж. № 497 қаулысымен үлгі нысан жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны _________________ № 200_ жылғы «___»_________ (елдi мекен) Бұдан әрi «Иеленушi» деп аталатын, _____________ негiзiнде әрекет ететiн _______________________ атынан _______________ және бұдан әрi (астық иесi) «АҚК» деп аталатын, ____________ негiзiнде әрекет ететiн _______________ атынан, _____________________________ бiрлесiп «Тараптар» деп аталатындар, (астық қабылдау кәсiпорны) мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты. 1. Шарттың мәнi 1. Осы шартқа сәйкес және оның талаптарымен АҚК-нiң астықты сақтау жөнiнде өтелiмдi қызметтер көрсетуі осы шарттың мәнi болып табылады. 2. Сақтауға берілетін астықтың көлемі мен сипаттамасын, астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеткiзiлетiн сапа көрсеткiштерiн осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес тараптар анықтайды. 2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.09.09. № 942 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. АҚК: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өтінiмде көрсетiлген сан мен көлемде Иеленушi өтiнiм берген сәтiнен бастап 3 күннен аспайтын мерзiмде сақтауға қабылданған астыққа астық қолхаттарын беруге; 2) Астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауды осы шарттың 1-қосымшасында көрсетілген стандартқа сәйкес жүзеге асыруға; 3) Иеленушi берген астықты астық қолхаттарында көрсетiлген caн мен сапада сақтауды қамтамасыз етуге; 4) ұлттық стандарттарда, техникалық регламенттерде, техникалық шарттарда және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген сақтау шарттарын орындауға; 5) Астықтың сақталу орнын қарауға және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге; 6) Иеленушінің талабы бойынша Иеленушінің астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтінімін тіркеген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтінімде көрсетілген астықтың көлемін босатуды (тиеп жіберуді) бастауға және оны «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жіберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі; 7) Сақталудағы астықтың жойылу немесе бүлiну қаупi туындаған жағдайларды қоспағанда, Иеленушiнiң келісімiнсiз үшiншi тұлғалардың астық қоймаларына сақтауға астықты ауыстырмауға. Үшiншi тұлғаға, астықты сақтауға бергенi туралы АҚК Иеленушiге тезарада хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте АҚК астықты сақтауға берген үшiншi тұлғаның әрекетiне толық жауап бередi; 8) Иеленушiге оның өтiнiмi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде AҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлi астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн беруге; 9) жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жөндеу жүргізуді тоқтатуға дейін кемінде 45 күн бұрын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс жөндеу жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп жіберудің) мүмкін еместігі туралы Иеленушіні хабардар етуге; 10) Егер АҚК астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатыспаған жағдайда, осы шарт бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға; 11) Астықты сақтау процесiнде зиянкестермен астықтың бүлдiрiлгенi анықталған жағдайда, өз есебiнен зарарсыздандыруды жүргiзуге; 12) Астықты сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясын тоқтата тұру, қайтып алу туралы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылуы, атауының өзгергені туралы шешiмнiң қабылданғаны туралы, банкроттық рәсiмiнiң қозғалғаны, АҚК-нiң өз еркiмен таратылуы туралы тиiстi шешiм қабылданған сәтiнен бастап үш жұмыс күнi ішiнде Иеленушiге жазбаша хабарлауға; 13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына сәйкес астықты осы шартқа 1-қосымшада белгіленген сапалық көрсеткіштерге дейін жеткізу нәтижесінде алынған астық қалдықтарын қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. 2. АҚК-нiң: 1) Осы шарттың 3-бөлiмiне сәйкес қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi талап етуге; 2) Көрсетiлген қызметтер көрсетуге ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегi болса, астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға; 3) Астықты босатуда (тиеп жiберуде) Иеленушiмен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетiлген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарауды, немесе өз есебiнен шығыстарды өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге құқығы бар; 3. Иеленушi: 1) Осы шарттың 3-бөлiмiнде белгіленген тәртiппен және жағдайда AҚК-нiң қызметтер көрсетуiне уақтылы ақы төлеуге; 2) АҚК-ге астықты алдағы тиеп жiберу туралы жазбаша өтiнiм беруге мiндеттенедi. 4. Иеленушi: 1) Астық қолхатында көрсетiлген көлемде АҚК-де сақтаудағы астыққа иелiк етуге; 2) Осы шарттың 1-қосымшасында көрсетiлген стандарт бойынша астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауға; 3) Астықты қабылдау және босату (тиеп жiберу) кезiнде оны өлшеуге қатысуға; 4) Астықты сақтау орнын қарауға және астықтың сынамасын iрiктеп aлуғa; 5) АҚК астықты босату (тиеп жiберу) кезiнде АҚК-мен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарауды, немесе өз есебiнен шығыстарды өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге; 6) Өтiнiм бойынша АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлі астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн алуға; 7) Астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шарттың 1-қосымшасында белгіленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдығына иелiк етуге құқылы. 1. Әрбiр операция бойынша жеке астықты сақтау жөнiнде қызметтер көрсету (қабылдау, кептiру, тазалау, сақтау, тиеп жiберу) үшiн АҚК-нiң сыйақы сомасы АҚК-нiң оларды көрсетумен байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салық және басқа да мiндеттi төлемдердi қамтиды және осы шарттың 1-қосымшасында анықталады. 2. Рынокта үстем жағдайға ие АҚК қызметтер көрсетуiнің бағалары (тарифтерi) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталады. 3. Астықты сақтау жөнiндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу ақшамен не Тараптардың келісімiмен анықталған баға бойынша индоссамент жасау арқылы сақталудағы астықтың тиiстi көлемiн беру жолымен жүргiзiлуi тиiс. 4. Қызметтер көрсетуге ақы төлеу мерзiмi Тараптардың келісімi бойынша осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес анықталады. ҚР Үкіметінің 2013.09.09. № 942 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында айқындалған сақтау мерзімдерінен аспайтын, Иеленушінің талап етуімен белгіленген мерзімге жасалды және өзінің қолданысын Тараптар өздерінің міндеттемелерін толық орындаған жағдайда тоқтатады. 2. АҚК-нiң бастамасымен шартты бұзуға жол берiлмейдi. 1. Сақталудағы астық жоғалған, кем шыққан, бүлiнген, зақымдалған, сапасы төмендеген жағдайда АҚК Иеленушiнiң пайдасына тиiсiнше жоғалған, кем шыққан, бүлiнген, зақымдалған астықтың не сапасы төмендеген астық құнының ___% мөлшерiнде айыппұл төлейдi. 2. Осы шарттың 2-бөлiмiнде көзделген өзге де мiндеттемелердi тиiсiнше орындамағаны үшiн АҚК мөлшерiнде айыппұл төлейдi. 3. АҚК астықтың жоғалуы, кем шығуы, бүлiнуi, зақымдалуы, сапасының төмендеуi тежеусiз күштің не Иеленушiнiң пиғылы немесе оғаш абайсыздығының салдарынан болғанын дәлелдесе, жауапкершiлiктен босатылады. 4. Айыппұл санкцияларының сомасы, астық құнының өтемi, сондай-ақ АҚК әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесiнде Иеленушiге келген зияндардың сомасы өтеу сәтiнде қалыптасқан баға бойынша анықталады. 5. Тараптар белгiлеген сыйақы төлеу мерзiмiн Иеленушi бұзған жағдайда Иеленушi әрбiр мерзiмi өткен күнтiзбелiк күн үшiн төленбеген соманың % мөлшерiнде өсiмақы төлейдi. 6. Басқа Тараптың қабылдаған мiндеттемелерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы нәтижесiнде Тараптардың бiреуiне келген зияндар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледi. 7. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындаудан босатпайды. 1. Осы шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар туындаған дауларды сотсыз шешу үшiн барлық шараларды қабылдауға мiндеттенедi. 2. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жетпесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотта қаралуға жатады. 1. Осы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттер индоссамент жасалған кезде астық қолхаты бойынша құқықтарды берумен бiр уақытта астық қолхатында көрсетiлген көлемде беріледi. Бұл ретте индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде астық қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы АҚК-ге хабарлайды. 2. Қызметтер көрсетуге тарифтер өзгергенде, астық жеткiзілген сапалық көрсеткiштердi жақсарту қажет болғанда немесе AҚК-гe жаңа астық партиялары түскенде тиiстi өзгерістер осы шартқа қосымша 1-қосымшаға қол қою арқылы ресiмделедi. 3. Осы шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлектерi болып табылады, олар жазбаша түрде ресiмделуi, оларға Тараптардың уәкілеттi өкiлдерiнiң қолдары қойылуы және мөрлермен расталуы тиiс. 4. Осы шартпен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады. 5. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден, мемлекеттік және орыс тілінде, бiрдей заң күшi бар 2 дана жасалды. 8. Тараптардың деректемелерi мен қолдары ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанына 1-қосымша 200__ж.»__»_________№______ шартқа астықтың сандық-сапалық көрсеткiштерi және астықты сақтау бойынша қызметтер көрсетудiң құны «_____"________________200__ ж. №___________
Соның iшiнде ҚҚС___ %. Иеленушi: AҚK: Басшы:___________ Басшы:_________________ М.О. M.O. мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанына 2-қосымша 200__ж._______ ________________астықтың бар-жоғы және қозғалысы айы Иеленушiнiң атауы туралы мәлiметтер
таблицаның жалғасы
АҚК-ның басшысы:________________________ М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |