|
|
|
Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық (ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 462 ; 11.10.02 ж. № 1115 ; 02.06.03 ж. № 506;10.11.03 ж. № 1120; 02.07.04 ж. № 733; 2005.13.06. № 585 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 903 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде кеден-тариф саясатын жетiлдiру және ықпалдастық процестердi дамыту мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 462; 11.10.02 ж. № 1115; 02.06.03 ж. № 506; 10.11.03 ж. № 1120; 02.07.04 ж. № 733; 2005.13.06. № 585 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертiлдi Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ҚҰРАМЫ Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Лавриненко - Қазақстан Республикасының Юрий Иванович Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Асанов - Қазақстан Республикасының Жақып Қажманұлы Әдiлет вице-министрi Айтжанова - Қазақстан Республикасының Индустрия Жанар Сейдахметқызы және сауда вице-министрi Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Оразалинов - Қазақстан Республикасының Дулат Сұлтанұлы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Есенбаев - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрi, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының Ринат Шарафутдинұлы Әдiлет вице-министрi Досаев - Қазақстан Республикасы Ерболат Асқарбекұлы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгінiң төрағасы Айтжанова - Қазақстан Республикасының Индустрия Жанар Сейдахметқызы және сауда вице-министрi, хатшы Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Григорий Александрович Банкінiң төрағасы (келісім бойынша) Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық Гүлбану Зарлыққызы Банкi төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Мусина - Қазақстан Республикасының Лилия Сәкенқызы Ауыл шаруашылығы вице-министрi Оразбақов - Қазақстан Республикасының Ғалым Iзбасарұлы Индустрия және сауда вице-министрi Сахипова - Қазақстан Республикасының Әдiлет Нұрғайша министрлiгі Санаткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегі комитетiнiң төрайымы Өтебаев - Қазақстан Республикасы Мүсiрәлi Смайылұлы Парламентiнiң Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетiнiң төрағасы (келісім бойынша) Жақыпов - Қазақстан Республикасының Қабиболла Қабенұлы Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Әшiмов - Қазақстан Республикасының Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Рахметов - Қазақстан Республикасының Нұрлан Құсайынұлы Қаржы вице-министрi Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi Зверьков - Қазақстан Республикасының Вадим Павлович Сыртқы iстер вице-министрi Орынбаев - Қазақстан Республикасының Ербол Тұрмаханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Жолдасбаев - Қазақстан Республикасының Сансызбай Елеусiзұлы Статистика жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары; Тортаев - Қазақстан Республикасының Статистика Бауыржан Қадырұлы жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Смайылов - Қазақстан Республикасының Әлихан Асханұлы Сыртқы iстер вице-министрi Белоног - Қазақстан Республикасының Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi Ашитов - Қазақстан Республикасының Еңбек Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Досмұқаметов - Қазақстан Республикасының Қаржы Қанат Мұхаметкәрiмұлы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Сағадиев - Қазақстан Республикасы
Жоламан - Қазақстан Республикасының
Гамарник - Қазақстан Республикасының
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi
Абайдiлдін - Қазақстан Республикасының
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы
Мәмбетәлин - Қазақстан Республикасы Қаржы Әлихан Есенғосұлы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Yкіметінiң 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссияның мақсаты кеден баждарының қолданыстағы ставкаларының мөлшерiн белгiлеу, күшiн жою немесе өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, кеден-тариф саясаты және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ олардың халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне сәйкестiгін қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар тетiгіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына қажетті өзгерістер мен нақтылаулар енгізу туралы iс-шаралар әзiрлеу және ұсыныстар дайындау болып табылады. 3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: республиканың экономикалық мүдделерiн негізге ала отырып және Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келісім, Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шарт, Еуразия экономикалық қоғамдастығын (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарт, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған Экономикалық саясат меморандумы шеңберiнде Қазақстанның қабылдаған халықаралық мiндеттемелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының кеден-тариф саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстан Республикасының кеден тарифтерi жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу және ұсыныстар дайындау; ЕурАзЭҚ шеңберiнде екi жақты және көп жақты келiссөздерде кеден-тариф мәселелерi жөнiнде Қазақстанның келісілген ұстанымын дайындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ), сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келісімдерге қосылуының шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру процесiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; кеден-тариф саясаты мәселелерi бойынша мүдделi мемлекеттік органдарды халықаралық экономикалық ұйымдар қызметiнiң негiзгі бағыттары, симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу, жарияланымдар дайындау және ықпалдастық процестерiн дамыту бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындау; ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттермен өзара сауда шарттарын реттеу, ЕурАзЭҚ шеңберiндегі ұлттық заңнаманы үйлесiмдi ету мәселелерi бойынша ЕурАзЭҚ органдарының шарттары мен шешiмдерiнiң жобаларын келiсу жөнiнде ұсыныстар енгізу болып табылады. 4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінiң актілерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шеңберінде: белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне республиканың кеден-тариф саясаты және оның халықаралық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгізуге; заңнамамен белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн ақпаратты сұратуға және алуға; Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметiне қатысуымен байланысты мәселелердi шешу жөніндегі проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми мекемелердi, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға құқылы. 6. Комиссияның органдары: Комиссияның жұмыс органы, Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия хатшысы болып табылады. 7. Комиссияға төраға басшылық жасайды, ол Комиссия жұмысына жетекшiлiк етедi, мәжілістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершілік алады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1115 қаулысымен 8-тармақ өзгертiлдi 8. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы ?кіметінің қаулысымен бекітіледi. ҚР Үкіметінің 2005.13.06. № 585 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. 10. Комиссия мәжілістерi қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi. 11. Комиссия төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылған материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс мәжілістерiн шақырады. 12. Егер Комиссия мәжілісiне оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып саналады. Комиссия мүшелерi мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады. 13. Комиссия мәжілістерi ашық болып табылады. Төрағаның шешiмi бойынша жабық мәжілістер өткiзiлуi мүмкiн. 14. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады және хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірген жағдайда, жазбаша түрде берілуі және хаттамаға тіркелуі тиіс. 15. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерімен келісім бойынша мәжілістердің күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орнын және уақытын айқындайды және нақтылайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы ?кіметінiң күшiн жойған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кiруi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 8, 58-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi № 910 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 33, 296-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 453 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 138-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2015 қаулысы. 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 10-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 520 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 183-құжат). 7. "Кеден одағы негiзiнде Халықаралық экономикалық ұйым қалыптастыру жөніндегі жарғылық құжаттардың жобаларына ұсыныстар дайындау үшiн жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 26 шiлдедегi № 106 өкімі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |