|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көшi-қон мәселелерi Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар): 28-баптың екiншi бөлiгi "iшкi iстер органдарының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат): мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын: "29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарында белгiленетiн жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |