Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) өз қызметтерінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шараларды қолдансын; 2) қабылданатын мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиялық жоспармен үйлесімділігін қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2002 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігімен келісе отырып аймақтардың 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарларын әзірлеп, тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне енгізсін. ҚР Президентінің 18.12.03 ж. № 1252 Жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берiп отырсын. ҚР Президентінің 18.12.03 ж. № 1252 Жарлығымен 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Yкіметін Стратегиялық жоспардың iске асырылу барысы туралы хабардар етiп отырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|