|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесінде: кiрiспе «жекешелендiру» деген сөздiң алдынан «аукциондар мен тендерлерде» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: 3) тармақшадағы «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестер» деген сөздер «акционерлік қоғамдардың акциялары мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталдарындағы үлестер» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) «Ағымдағы баға» - аукционда сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;"; 19) тармақшадағы «ұсынған сауда-сатыққа Қатысушы» деген сөздер «ұсынған тендерге Қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «мемлекеттік мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге» деген сөздер «осындай шешiм қабылдауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірiншi абзацындағы «ол сатылғанға» деген сөздер «сатып алушыға меншiк құқығы көшкенге» деген сөздермен ауыстырылсын; бірiншi абзацтағы «ерекше» деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жекешелендiру әрбір объектiсi бойынша сауда-саттықтардың түрiн айқындау;"; 1) тармақшадағы «заңды тұлғалар» деген сөздер «шаруашылық серiктестiктер» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтың бірiншi абзацындағы «7» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын; бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссия Сатушының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:"; 24-тармақтағы «сауда-саттықтардың өтуiне бір күн» деген сөздер «тендердiң өтуiне бір күн және аукционның өтуiне бір сағат» деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнiне қатысы жоқ; 4) тармақшадағы «коммерциялық» деген сөздiң алдынан «жабық конвертте берiлетiн» деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) инвестициялық тендерге қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетiлген өтiнiм және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте берiледi;"; сегiзiншi абзацтағы «Заңды тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацтағы «жарғылық капиталдағы мемлекеттiң үлесi туралы және» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «Шетелдiк заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тіліндегi нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.»; 27-тармақтың 1) тармақшасы «Қатысушыдан» деген сөзден кейiн «аукционға» деген сөзбен толықтырылсын; 30-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ең төменгi баға белгiленген жағдайда, жекешелендiру объектiсi одан төмен бағаға сатыла алмайды.»; 35-тармақтың соңғы сөйлемiндегi «10» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын; 42-тармақтағы «5-15» деген сандар «1-15» деген сандармен ауыстырылсын; 56-тармақтың 1) тармақшасындағы «5» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын; 58-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Егер қамтамасыз етудің өзге тәсілі сатып алу-сату шартымен көзделмесе, сатып алушы алған жекешелендіру объектісіне Сатушының кепіл құқығы төлемдердің уақытылы өтелуін қамтамасыз етуге қызмет етеді.»; 59-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |