|
|
|
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі қылмыстық-атқару ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штаттық санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1903" деген сан "1929" деген санмен ауыстырылсын; оның iшiнде: "Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген жолдағы "146" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық iшкi iстер органдарының аппараты мен бөлiмшелерi" деген жолдағы "20 320" деген сан "20 514" деген санмен ауыстырылсын; оның iшiнде: "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық қылмыстық-атқару жүйесi органдарының аппараты мен бөлiмшелерi" деген жолдағы "356" деген сан "550" деген санмен ауыстырылсын; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар" деген жолдағы "39 243" деген сан "40 314" деген санмен ауыстырылсын; "Түзеу мекемелерi" деген жолдағы "11 218" деген сан "11 682" деген санмен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолдағы "96 893" деген сан "97 577" деген санмен ауыстырылсын. 2. Қосымша санды ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен жүргiзiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |