Балалар еңбегiнiң ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы № 367-II Заңына сәйкес бекітілді Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1999 жылдың 1 маусымында өзiнiң сексен жетiншi сессиясына жиналған, Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы, балалар еңбегi жөніндегі негiз қалаушы актi болып қала беретiн ең төменгi жас туралы 1973 жылғы Конвенция мен Ұсынымды толықтыратын, халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық көмектi коса алғанда, ұлттық және халықаралық iс-қимылдар үшiн басты артықшылық ретінде балалар еңбегiнің ең нашар түрлерiне тыйым салуға және жоюға арналған жаңа актiлер қабылдау қажет деп санай отырып, балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiн тиiмдi жою жедел әрi жан-жақты iс қимылдарды талап етедi, онда тегiн базалық білім беру және балаларды жұмыстың осындай түрлерiнен босату, сондай-ақ олардың отбасы мұқтаждықтарын ескере отырып, оңалту және әлеуметтiк кiрiктiру қажет деп санай отырып, 1996 жылы Халықаралық еңбек конференциясының 83-сессиясында қабылданған балалар еңбегiн жою туралы қарарды еске сала отырып, балалар еңбегi көп жағдайда кедейлiктiң салдары және бұл мәселенің ұзақ уақыт шешiлуі әлеуметтiк прогреске, атап айтқанда кедейлiктi жоюға және жаппай білім алуға жеткiзетiн тұрақты экономикалық өсуде жатқанын мойындай отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған Балалар құқығы туралы конвенция туралы еске сала отырып, 1998 жылы Халықаралық еңбек конференциясының 86-сессиясында қабылданған XEҰ Еңбек саласындағы негiз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясы туралы еске сала отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|