|
|
|
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1-бап. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 10) тармақша "табылмайтын" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: "12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау."; 1-тармақта "қабылдау," деген сөзден кейін "тіркеу," деген сөзбен толықтырылсын; 4-тармақтың 3) тармақшасында ", ережелер" деген сөз алып тасталсын; 2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері."; мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын: "5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. 6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды."; 2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері."; 5-тармақта "шешімдері" деген сөзден кейін ", әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары" деген сөздермен, "шешімдерінің" деген сөздің алдынан "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; 5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады. 2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін. 3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады."; 6) 14-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "(үштен аспайтын)" деген сөздер алып тасталсын; 7) 17-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Нормативтік құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлінуі мүмкін. Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер-құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін. Мәтіннің мағыналық жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады."; 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Конституциялық заңдар мен кодекстердің, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң актілерінің жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу міндетті."; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс."; 2-тармақ, кейінгі тармақшалардың рет саны өзгертіле отырып, 1) тармақша болып белгіленетін мынадай жаңа тармақшамен толықтырылсын: "1) кодекстер үшін - осы Заңмен. Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;"; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Нормативтік құқықтық актіге дәл сол түрдегі соңғы құрылымдық бөліктен кейін енгізілетін жаңа құрылымдық бөліктерге кейінгі рет сандары беріледі."; 2-тармақтағы "Қолданылып жүрген актіге қосымша құрылымдық бөліктер" деген сөздер "Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің арасына дәл сол түрдегі қосымша құрылымдық бөліктер" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігіне осы құрылымдық бөлік мәтіні мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады."; 11) 29-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) әкімияттың қаулыларына, әкімнің шешімдеріне - әкім;" 12) 30-34-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі 1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады. 2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды. 3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс. 4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі. 31-бап. Заң актілерін ресми жариялау 1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады. 2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады. 32-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады. 33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау 1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен мерзімді баспа басылымдарында жарияланады. 2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады. 34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау 1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады."; 13) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын: "35-1-бап. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау 1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді."; мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын: "3-1. Нормативтік құқықтық актінің едәуір көлемді болуына байланысты оның мәтіні мерзімді баспа басылымының бірнеше нөмірінде жарияланса, нормативтік құқықтық акт мәтінінің қорытынды бөлігі жарияланған күн ресми жарияланған күні болып есептеледі. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде бір мезгілде жариялануға тиіс. 3-2. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудің міндетті шарты болып табылады."; 4-тармақта "олардың" деген сөздің алдына сызықша белгісі қойылып, "актінің өзінде көрсетілген" деген сөздерден кейін ", ал мемлекеттік тіркеуге жататындары мемлекеттік тіркеуден ерте емес" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың 4) тармақшасындағы "келісілмесе" деген сөзден кейінгі үтірдің орнына нүктелі үтір қойылып, "мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін." деген сөздер алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін."; 4-тармақтағы "тәртібін" деген сөз "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады."; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу және (немесе) жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.". 2-бап. Осы Заң, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12)-13) тармақшаларын қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |