Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі ҚР Президентінің 2003 ж. 15 тамыздағы № 1165 Жарлығына сәйкес осы жарлықтың күші жойылды Осы Жарлыққа түсініктемені қара Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын бекiтсiн; 2) тоқсан сайын Мемлекет басшысына Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 2, 10-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 206 Жарлығы; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 8, 95-құжат; 2001 ж., № 34, 440-құжат). 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2002-2004 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ Астана 2002 жылғы наурыз Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|