|
|
|
Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі) "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiн 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiнгі мерзiмде бекiтсiн және оны Қазақстан Республикасының ресми жариялау құқығы бар баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн. 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 4. "Фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1034 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 366-құжат) 1-3-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 449 қаулысымен бекітілген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуға рұқсат етiлген фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібiн белгiлейдi. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) фискальдық жады бар бақылау-касса машинасы - тауарлар сату мен қызметтер көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың түзетiлмейтiн ауысым сайынғы тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискальдық жад блогы бар электронды құрылғы және/немесе банктiк компьютерлiк жүйе (бұдан әрi - Машина); 2) фискальдық жадқа ену кiлтi - қолдану фискальдық режимдi орнатуды қамтамасыз ететiн кiлт; 3) бақылау чегi - басу кезiнде Машинаның фискальдық жадында көрсеткiштер өзгерiсi болатын чек; 4) бақылау таспасы - ауысым iшiнде орындалған барлық сатып алу және сату туралы ақпарат басылып қалатын таспа; 5) салық төлеушiнiң жауапты адамы - салық төлеушiмен еңбек қатынастарында тұратын, Машинаның көмегiмен тұтынушылармен есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмысына жауап беретiн адам; 6) фискальдық белгі - Машинаның фискальдық режимдегi жұмысын растайтын бақылау чектерiнде болатын айрықша нышан; 7) фискальдық режим - Машинаның фискальдық жадта ақпараттың түзетiлмейтiн ауысым сайынғы тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс істеу режимi; 8) фискальдық есеп беру - белгілi бiр кезең үшiн Машинаның фискальдық жадындағы көрсеткiштердiң өзгеруi туралы есеп. 2. Машинаны салық органдарында тiркеу және есептен шығару 3. Машинаны қолдану басталғанға дейiн қызметтi жүзеге асыру орны бойынша оны Салық кодексiне сәйкес салық органдарында тiркеу жүргiзiледi. Машинаны тiркеу Машиналарды тiркеу журналына Машина мен салық төлеушi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып салық органына есепке қоюды және фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын тiркеу карточкасын (бұдан әрi - Карточка) берудi бiлдiредi. 4. Машинаны тiркеудi салық төлеушi осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған өтiнiштi, салық төлеушi заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi немесе жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктi берген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық органы жүзеге асырады. 5. Үлгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемлекеттік тiзiлiм) енгiзiлген техникалық ақаусыз Машиналар тiркеуге жатады. 6. Машинаны тiркеу Машинаға тiркеу нөмiрi берiліп және Машинаны пайдаланудың барлық мерзiмi iшiнде салық төлеушiде сақталатын Карточкада Машинаны тiркеу нәтижелерi ресiмделiп жүргiзiледi және салық органдарының талап етуi бойынша көрсетiледi. Карточка осы Ережеге 2-қосымшада белгiленген нысан бойынша жасалады. 7. Машинаны (банктiк компьютерлiк жүйелердi қоспағанда) тiркеу кезiнде салық төлеуші салық органдарына мыналарды ұсынады: 1) Машина; 2) нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен және/немесе мөрiмен бекітілген: осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған Машина арқылы өткiзiлген қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы (бұдан әрi - Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы); осы Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған Машинаны қолданбай тұтынушылармен есеп айырысу кезіндегі тауар чектерiнiң кiтабы (бұдан әрi - Тауар чектерiнің кiтабы); 3) Машинаны дайындаушы зауыттың паспорты. Банктiк компьютерлiк жүйелердi (бұдан әрi - БКЖ) тiркеу кезiнде салық төлеушi салық органына БКЖ-ны жасаушы ұйым әзiрлеген БКЖ-ның қызметтік мүмкiндiктерi мен сипаттамасының қысқаша баяны берiледi. 8. Салық органының лауазымды адамы Машинаны тiркеу кезiнде: 1) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң Машинаны тiркеу көрсетілген және берiлген құжаттарға сәйкестігiн тексередi; 2) Машинаның таңба тақташасында бейнеленген зауыттық нөмiрiн дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген Машинаның нөмiрiмен салыстырады; 3) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi; 4) Машина жұмысының фискальдық режимiн белгiлейдi; 5) Машинаны пломбалайды; 6) Машиналарды тiркеу журналына салық төлеушi мен Машина туралы мәлiметтердi енгiзедi; 7) Карточканы ресiмдейдi; 8) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын, Тауар чектерiнiң кiтабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрiмен растайды; 9) салық төлеушiге мыналарды қайтарады: жұмысының фискальдық режимi белгiленiп пломбаланған Машина; расталған Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы, Тауар чектерiнiң кiтабы; Машинаны дайындаушы зауыттың паспорты; 10) салық төлеушiге Карточканы бередi. 9. Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 11-тармағында, егер мұндай өзгерiс Машинаны басқа салық органында тiркеу қажеттiлігiне әкеп соқпаса, сондай-ақ Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 1, 12-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi өзгерістер болған күннен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде Машина тiркелген салық органына осы Ережеге 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша жасалған өтiнiштi беруге мiндеттi. Өтiнiште өзгерген мәлiметтер көрсетiледi. Бұл ретте салық төлеушi Карточканы салық органына тапсырады. 10. Бұрын берiлген өтiнiштiң 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi салық органына Машинаны (БКЖ-ны қоспай) бередi. 11. Осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген жағдайларда салық органының лауазымды адамы: 1) Карточканы жабу туралы белгiнi Карточкаға жасайды; 2) жабылған Карточканың орнына өзгерістердi ескере отырып Карточканы ресiмдейдi. Өзгерістер ескерiлген Карточканың нөмiрi жабылған Карточканың нөмiрiнен және Машиналарды тiркеу журналында өзгерістер ескеріле отырып Карточка тiркелген нөмiрден тұрады. Көрсетiлген нөмiрлер таяқша сызықпен бөлшектеледi; 3) салық төлеушiге жабылған Карточканы қайтарады және салық төлеушiге өзгерістер ескерiлген Карточканы бередi. 12. Машина осы Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша мынадай реттерде салық органында есептен шығарылуға жатады: 1) Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 11-тармағында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген, егер мұндай өзгерiс Машинаны басқа салық органында тiркеу қажеттілiгiне әкеп соғатын болса, сондай-ақ Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайларда; 2) Машинаның техникалық ақаулығына байланысты оны одан әрi қолдану мүмкiн болмаған жағдайларда; 3) салық төлеушi таратылған жағдайда; 4) Машинаны Мемлекеттік тiзiлiмнен шығарған жағдайда; 5) Машинаны ауыстырған жағдайда. 13. Машинаны есептен шығару үшiн салық төлеушi салық органына мыналарды ұсынады: 1) пломбаланған Машина (БКЖ-ны қоспай); 2) есепке қою кезiнде берiлген: Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы; Тауар чектерiнiң кiтабы; 3) Карточка. 14. Салық органының лауазымды адамы салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Машинаны есептен шығаруды жүргiзедi ол үшін: 1) осы салық органында алдыңғы фискальдық есептi алу кезiнен бастап Машинаны есептен шығару кезiне дейiнгi кезең үшiн фискальдық есептi алуды жүргiзедi; 2) Қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерiн Тауар чектерi кiтабының және фискальдық есеп көрсеткiштерiнiң деректерiмен өзара салыстыра тексередi; 3) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын жабады және оларда Машинаны есептен шығару туралы белгі қояды; 4) салық төлеушiге Машинаны, Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын қайтарады; 5) Карточканы жабу туралы белгінi Карточкаға қояды; 6) салық төлеушiге Карточканы қайтарады. 15. Фискальдық режимдi орнату немесе фискальдық есептi алу үшін салық төлеушi техникалық ақаусыз Машинаны бередi. Фискальдық жадқа ену кiлттерiн қолдана отырып фискальдық режимдi орнатқаннан кейiн фискальдық жадқа ену кiлттерi Машинаны тiркеудi жүзеге асырған салық органында сақталады. 16. Салық төлеушi техникалық қызмет көрсетуге Машинаны қояды. 17. Салық төлеушiнiң жауапты адамы осы Машинаны пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) құнын енгізу операциясын жүзеге асырады. 18. Салық төлеушiнiң жауапты адамы күн сайын ауысым соңында Машинаның үлгiсiн дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды және Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын толтырады. Машина арқылы өткiзiлген қолма-қол ақшаны әрбiр беру кезiнде (қайтарып беретін соманы бергеннен және ақша айырбастаудан басқа) салық төлеушiнiң жауапты адамы жүргiзiлген беру туралы Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабында жазба жасайды. 19. Бақылау чегінде мынадай ақпарат болуы тиiс: 1) салық төлеушiнiң атауы; 2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; 3) Машинаның зауыттық нөмiрi; 4) Машинаның тiркеу нөмiрi; 5) чектiң реттiк нөмiрi; 6) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатып алу күнi мен уақыты; 7) тауардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бағасы және/немесе сатып алу сомасы; 8) фискальдық белгі. 20. Қосылған құнға салық көрсетiлетiн бақылау чегi мынадай ақпаратты қамтуы тиiс: қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмiрi; тауардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) атауы; қосылған құнға салықтың сомасы. БКЖ бақылау чегiнiң нысаны мен мазмұнын уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. 21. Бақылау чегінде және бақылау таспаларында Машинаға техникалық талаптармен көзделген қосымша басқа да деректер болуы мүмкiн. 22. Салық төлеушiнiң жауапты адамы ауысым iшiнде соманы енгізу және чектi өтеу мүмкiн болмаған кезде қате енгiзiлген сомаға тиiстi чектi мөрмен "жою" рәсiмiн орындайды. Ауысым соңында "жою" чегiн қоса отырып, соманы жою туралы акт жасалады. 23. Тұтынушыға сапасы нашар тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшiн ақшаны қайтару (iшiнара немесе толықтай) кезiнде салық төлеушiнiң жауапты адамы пайдаланылмаған бақылау чектерi бойынша осы Ережеге 6-қосымшада белгiленген нысанда тұтынушыға ақша сомасын қайтару туралы актiнi жасайды және ресiмдейдi, оларды өтейдi, қағаз параққа желiмдейдi және актiмен бiрге бухгалтерияға немесе жеке кәсiпкерге тапсырады. Тұтынушыларға қайтарымдар бойынша төленген соманы Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабына жазады. 24. Машинаның техникалық ақаулығы жағдайында салық төлеушi ақаулық пайда болған кезден бастап үш күн мерзiмде Машина тiркелген салық органына жөндеу жүргiзу мерзiмiн және ақаулық себебiн, ақау болған күн басында Машина есептегішiнiң сомалық көрсеткiштерiн көрсете отырып, еркiн нысанда өтiнiш бередi. Өтiнiш хабарламамен бiрге тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлуi мүмкiн. Салық төлеушi Тауар чектерiнiң кiтабын толық толтырған жағдайда еркiн нысанда өтiнiш бередi және нөмiрленген, тiгілген, қолымен және/немесе мөрiмен бекітілген Тауар чектерiнiң кiтабын ұсынады. Салық органының лауазымды адамы Машиналарды тiркеу журналында Тауар чектерiнiң кiтабын беру туралы мәлiметтi енгізедi. 25. Машина мына жағдайларда ақаулы деп саналады, егер: 1) баспаса, анық баспаса немесе бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса; 2) салық органдарының бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi фискальдық жады бар деректердi алуға мүмкiндiк бермесе; 3) онда бақылау немесе чек таспалары жоқ болса; 4) салық органының пломбасы жоқ болса немесе бүлiнсе; 5) дайындаушы зауыттың таңбасы жоқ болса. 26. Фискальдық есептi салық органының лауазымды адамы Машинадан мынадай жағдайларда алады: 1) салық органдарының салықтық тексерiстер жүргiзуi; 2) фискальдық жадтың блогын ауыстыру; 3) Машинаны есептен шығару; 4) жөндеу фискальдық жадқа ену үшiн пароль енгізудi талап ететiн жағдайда Машинаны жөндеудi жүзеге асыру; 5) Қолма-қол ақша есебi кiтабының жоғалуы; 6) осы Ереже 19-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтердiң өзгеруi; 7) қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi туралы мәлiметтердiң өзгеруi. Бұл ретте, осы Ережеге 7-қосымшада белгiленген нысан бойынша фискальдық есептердiң жиынтық деректерiн көрсете отырып, фискальдық есептi алу жасалады. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесіне 1-қосымша Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын тіркеуге ӨТІНІШ 1. Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы ───────────────────────────────── ─────────────────────────────────────────────────────────────────────────── 2. СТН ────────────────────────────────────────── 3. Мемлекеттік тiркелгені туралы куәлiк: 3.1. сериясы───────3.2. нөмірі──────3.3. салық органының коды─────────── 3.4. берілген күні────── 3.5. қолданылу мерзімі (егер қолданылу мерзiмi шектелген болса, толтырылады)────────────────── 4. Қосылған құнға салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (егер мәлiмет бақылау чегiнде көрсетілсе, толтырылады): 4.1. сериясы──── 4.2. нөмiрi──── 4.3. берiлген күнi──── 4.4. салық органының
мәліметтерді тіркеу │ │ └───┘ 5.2. бұрын берiлген өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгеру │ │ └──┘ 6. Бақылау-касса машинасының маркасы (БКЖ атауы)────────────────────────── 7. Зауыттық нөмiрi────────── 8. Шыққан жылы─────────────────────────────── 9. Паспорт нөмiрi─────────── 10. Дайындаушы фирма (БКЖ әзiрлеуші)───────── 11. Бақылау-касса машинасының орналасқан орны: 11.1. облысы───────────────────── 11.2. қала──────────────────────── 11.3. ауданы───────────────────── 11 4. көше──────────────────────── 11.5. үй───────────────────────── 11.6. пәтер─────────────────────── 12. Қызмет түрi─────────────────────────────────────────────────────────── ──────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Жауапкершілік Маған менің құқықтарым мен міндеттерiм түсiндiрілді және мен Заң алдында осы өтінiште келтірiлген мәліметтердің растығы мен толықтығы үшiн жауап беремiн. Өтініште көрсетiлген деректер өзгерген жағдайларда салық органына уақтылы ақпарат беріп отыруға міндеттенемін. ─────────────────────────────── ────────── Аты-жөні немесе уәкілетті адам (қолы) Өтініш берiлген күн 200_жылғы "───"──────────── ────────────────────────────────────────────────────────────────────────── ─────────────────────────────────────────────────── ──────────────────── Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты-жөні (қолы) Өтінішті қабылдаған күн 200_жылғы "───"──────────── ──────────── М.О. Салық органының коды ───────────── Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесіне 2-қосымша N──────────фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫ 1. Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы──────────────────────────────── ───────────────────────────────────────────────────────────────────────── 2. СТН────────────────────────────── 3. Бақылау-касса машинасының маркасы (БКЖ атауы)───────────────────────── 4. Зауыттық нөмiрi____________ 5. Паспорт нөмiрi──────────────────────── 6. Дайындаушы фирма (БКЖ әзiрлеушi)──────── 7. Шыққан жылы─────────────── 8. Бақылау-касса машинасының орналасқан орны: 8.1. облысы───────────────────── 8.2. қала─────────────────────────── 8.3. ауданы───────────────────── 8.4. көше─────────────────────────── 8.5. үй───────────────────────── 8.6. пәтер────────────────────────── 9. Қызмет түрi─────────────────────────────────────────────────────────── ───────────────────────────────────────────────────────────────────────── 10. Фискальдық режимдi орнату сәтінде есептегiштің көрсеткіші──────────── ──────────────────────────────────────────────────────────── ───────── (тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамның қызметі, аты-жөнi (қолы) 11. ───────────────────────────────────────────────────────────── бойынша салық комитетінің төрағасы ─────────────────────── ───────────────────────────────────────────────
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |