Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 сәуірдегі № 476 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
3-бағандағы "Салық салу объектісі" деген сөздер "Салық базасы (салық салу объектісі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"0301, 0302, 0303, 0304, 0305, 1604**-тен | Бекіре және албырт балықтар, бекіре және албырт балықтың уылдырығы, бекіре және албырт балықтардан дайындалған жеңсік тағамдар және уылдырықтар | өндірілетін тауарларға - құны, әкелінетін тауарларға - кедендік құны | 100% | 100%" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"0301, 0302, 0303, 0304, 0305, 1604**-тен | Бекіре және албырт балықтардың уылдырығы | өндірілетін тауарларға - құны, әкелінетін тауарларға - кедендік құны | 100% | 100%"; |
мына:
"7013 21, 7013 31, 7013 91, 9405 10 500** -ден 271600000 |
өндірілетін тауарларға - құны, әкелінетін тауарларға - кедендік құны физ. көлемі | 0 0,03 теңге/ кВт.сағ. | 0 0,03 теңге/ кВт.сағ." |
деген жолдар алынып тасталсын;
мына:
"271000270 271000360** | Бензин (авиациялықтан басқа): Саудада жанама салықтар "шыққан елі" принципі бойынша салынатын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерге экспортталатын бензиннен басқа | физ. көлемі физ. көлемі | 2-қосымшаға сәйкес 2000 теңге/ 1 тонна | 31 евро 1 тонна" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"271000270 271000360** | Бензин (авиациялықтан басқа) | физ. көлемі | 2-қосымшаға сәйкес | 31 евро/ 1 тонна"; |
мына:
| "Ойын бизнесі (лотереядан басқа) Лотереялар, мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа | құмар ойын бизнесінен түсім Лотереялар өткізуден мәлімделген түсім | 20% 10%" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
| "Құмар ойын бизнесі (лотереядан басқа) Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу | ойын үстелі ақшалай ұтысты ойын автоматы тотализатор кассасы букмекер кеңсесінің кассасы оған акциз сомасын қоспағандағы сыйлық қорына жататын сомалар шегерілген мәлімделген түсім | 130-740 АЕК 5-25 АЕК 80-200 АЕК 20-100 АЕК 10%"; |
ескерту алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 сәуірдегі № 476 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, бензинмен
(авиациялықтан басқа) және дизель отынымен көтерме және бөлшек
сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар сататын
бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынына арналған
акциз ставкалары
| 1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен) |
| Бензин (авиациялықтан басқа) (СЭҚ ТН коды 2710 00270- 2710 00360) | Дизель отыны (СЭҚ ТН коды 2710 00610, 2710 00650, 2710 00690) |
1 | 2 | 3 |
Мұнай өңдеу зауыттарының өз өндірісінің бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сатуы Заңды және жеке тұлғалардың бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сатуы Мұнай өңдеу зауыттарының бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы Заңды және жеке тұлғалардың бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы | 4500 0 5000 500 | 540 0 600 60 |