Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Құрметті депутаттар! Қадірлі отандастар! Жуырда ғана баршамыздың бас қосып, мемлекетіміздің он жыл ішіндегі дамуының қорытындысын шығарғанымыз естеріңізде. Бұл ретте жетістігіміздің жемістерін ғана теріп қойғанымыз жоқ, ең бастысы келер ұрпақ үшін ел тәуелсіздігін қалыптастырудың алғашқы кезеңі жайында ғажайып мол тарихи мұра жиғанымызға көз жеткіздік. Сонымен қатар біз өзіміздің үлкен жолдан өтіп, толыса түскенімізді, XXI ғасырға қаймықпай қадам баса алатындай биікке көтерілгенімізді пайымдадық. Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Әлбетте біз масайраудың да, масаттанудың да ретсіз екенін жақсы түсінеміз, мұның өзі мереке үстіндегі баяндамада да қадап айтылды. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Біздің "Қазақстан-2030" Стратегиясына негізделген онжылдық жоспарымыз да осыған бағытталып отыр. * * * Тегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін еселеу жөніндегі жұмысты бұрынғысынша серпінді жүргізу үшін орта мерзімдік жоспарлар мен орта мерзімді кезеңге және 2003 жылға арналған басымдықтарды барынша нақты айқындап алудың маңызы айрықша зор. Менің жуырда Үкіметтің үш жылға арналған іс-қимыл Бағдарламасын бекіткенім өздеріңізге мәлім. Онда экономиканың нақтылы секторының құрылымын жақсарту, көлік инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, ел экономикасын аймақтық ортақ рыноктарға кіріктіруді жеделдете түсу міндеттеріне айрықша ден қойылып отыр. Сондықтан да менің осы Жолдауда алдағы басымдықтардың байыбын баса көрсеткім келеді, ал мұның өзі Үкіметке өзінің ертеңгі қам-қарекетін бюджеттің нақты бағдарламасының ауқымында іске асыруға мүмкіндік берер еді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|