|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: 1-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты: "Қаржыландыру көзі және көлемі" деген жолдағы "142" деген сан "114,47" деген санмен ауыстырылсын; 6-бөлімде. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері: екінші абзацтағы "142" деген сан "114,47" деген санмен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы "50" деген сан "22,47" деген санмен ауыстырылсын; 8-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: реттік нөмірі 3-жолдың "Орындау мерзімі" деген 5-бағанындағы "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |