|
|
|
Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 521-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 327-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 шiлдедегi № 992 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 344-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртібін айқындайды. 2. Салық кодексiнiң 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi (бұдан әрi - Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмi) - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақытылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзетiн салық төлеушiлердi есепке алудың мемлекеттік дерекқор жүйесi. 2. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және оның құрылымы 3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмi: 1) Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерi ретiнде мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттік тiркеу) кезiнде; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық органдарынан; 3) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарынан уәкiлеттi мемлекеттік орган алған мәлiметтер негiзiнде қалыптасады. 4. Осы Ереженiң 3-тармағындағы 3) тармақшада көзделген мәлiметтердi алу уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарымен жасасатын ақпаратты беру туралы бiрлескен бұйрықтар (бұдан әрi - Бұйрықтар) негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарының мәлiметтердi беру тәртібі мен мерзiмдерi, олардың көлемi және сипаты Бұйрықтарда айқындалады. 6. Осы Ережемен белгiленген жағдайда, сондай-ақ қажет болған жағдайда Бұйрықтар салық құпиясына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген талаптарды сақтау шартымен салық төлеушi туралы өзге де ақпараттармен өзара алмасуды көздеуi мүмкiн. 7. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмi мемлекеттік тiркеу кезiнде қалыптасатын мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент еместер; 2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар; 3) тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар; 4) Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер. 3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу 8. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу электронды тәсiлмен жүзеге асырылады. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу деп yәкiлеттi мемлекеттік органның мынадай рәсiмдердi жүзеге асыруы түсiнiледi: 1) Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiне салық төлеушi туралы мәлiметтердi енгізу; 2) осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салық төлеушi туралы мәлiметтер (бұдан әрi - салық төлеушi туралы мәлiметтер) өзгерген кезде Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жаңарту; 3) Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шартты түрде шығарып тастау; 4) Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнде салық төлеушiнi қалпына келтiру; 5) Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастау (Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен салық төлеушi туралы барлық мәлiметтердi шығарып тастау); 6) осы Ережеге сәйкес салық төлеушi туралы мәлiметтердi сақтау. 9. Салық төлеушi туралы мәлiметтердi Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік тiркеу кезiнде жүзеге асырылады. 10. Салық төлеушi туралы мәлiметтердi жаңарту: 1) өзгерген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде салық органдары салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде; 2) Бұйрықтарда белгiленген тәртiппен және мерзiмде тiркеушi органдар жүзеге асыратын салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң өзгерістерiн тiркеген кезде олар өзгерген жағдайда жүзеге асырылады. 11. Салық төлеушi туралы мәлiметтер өзгерген кезде бұрынғы мәлiметтер Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастағанға дейiн сақталады. 12. Салық берешегi жоқ салық төлеушi - заңды тұлғаны Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау заңда белгiленген беру мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң ол корпорациялық табыс салығы туралы (жылдық жиынтық кiрiс және жүргiзiлген шегерiмдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны бермеген жағдайда жүзеге асырылады. 13. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шартты түрде шығарып тастау кезiнде оның тiркеу нөмiрiн жабу және оны шартты түрде шығарып тастау туралы белгiнi салық төлеушi туралы мәлiметке енгізу жүргiзiледi. 14. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған салық төлеушi - заңды тұлғаны (бұдан әрi - шартты түрде шығарылған заңды тұлға) қалпына келтiру Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен ол шартты түрде шығарылған себептердi жойған жағдайда жүзеге асырылады. 15. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау Бұйрықтардың негiзiнде Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары берген мынадай мәлiметтер алынған күннен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде Салық кодексiнiң 525-бабында көзделген негiздемелер бар болғанда жүзеге асырылады: 1) салық төлеушi - заңды тұлғаны, оның iшiнде заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған заңды тұлғаны шығарып тастау туралы; 2) жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы немесе жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастау кезiнде ол туралы мәлiметтер салық құпиясына қатысты салық заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, шығарылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады. Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн салық төлеушiлер туралы мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен жойылады. 16. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшiн Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi мемлекеттік орган тағайындаған лауазымды тұлғаларға рұқсат берiледi. 17. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен қызметтiк мақсаттарға пайдалану үшiн ақпаратты салық құпиясына қатысты салық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және жағдайларда көшiруге жол берiледi. 18. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiміндегі ақпараттың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган оның электронды қорғалуына әр түрлi құралдар, оның iшiнде кодтау (шифрлау) қолдануға құқылы. 4. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру 19. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесіне қосымша Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу үшiн салық төлеушiлер туралы мәлiметтер беретiн Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тiзбесi 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі; 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі; 3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі; 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; 5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі; 6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі; 7. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі; 8. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi; 9. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi; 10. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |