Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметi арасындағы мұнай транзитi туралы
2002 ж. 7 маусымынан бастап күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметi, 1993 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметi арасындағы ынтымақтастық және отын-энергетика кешендерiн дамыту туралы келісімдi, 1997 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы мұнай-газ салаларындағы техникалық және экономикалық ынтымақтастық пен интеграция туралы келісімдi, 1996 жылғы 12 сәуірдегі Магистральды құбыр желiлерi бойынша мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң транзитi саласында келісілген саясат жүргiзу туралы келісімдi, 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы келісімдi, 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзит тәртібі туралы келісімдi басшылыққа ала отырып, мұнай транзитi саласында бұдан былайғы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделiлiкке сүйене отырып, төмендегілер туралы келiстi: Тараптар өзара пайда негізiнде және бiр-бiрiнiң экономикалық мүдделерiн ескере отырып, құбыр желісімен және көлiктiң басқа түрлерiмен жүзеге асырылатын мұнай транзитi саласында ынтымақтасады. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы мұнай транзитiнiң тәртібін, шарттарын және жалпы қағидаттарын белгiлейдi. Осы Келісімдi iске асыру үшiн Тараптар мынадай құзыреттi органдарды: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгін, Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлігін тағайындайды. Тараптар жұмыс iстеп тұрған көлiк жүйесiмен, соның iшiнде магистральды мұнай құбырлары жүйесiмен, келісілген мөлшерде Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы ұзақ мерзiмдi мұнай транзитiн жүзеге асырудың кепiлдi мүмкiндiгін бередi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|