Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсiздік органдарының нышандары менведомстволық наградаларының кейбір мәселелері туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен күші жойылды
Қосымша ведомстволық наградаларды белгілеу және Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарына өзгерістер енгізу мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi» омырауға тағатын белгісiнiң; 2) «Құрметті шекарашы» омырауға тағатын белгісiнiң; 3) «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн» естелiк медалiнiң; 4) «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалiнiң; 5) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi» естелiк медалiнiң; 6) «ҰҚК-КНБ-Қазақстан» үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгісiнiң бейнелерi мен сипаттамалары бекітілсiн. 2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының рәмiздерi мен ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 191-бап) келесi өзгерістер енгiзiлсiн: 1-тармақтағы 3) тармақша алынып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының ведомстволық наградалары болып: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi» омырауға тағатын белгiсi; 2) «Құрметтi шекарашы» омырауға тағатын белгiсi; 3) «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі үлесi үшiн» естелiк медалi; 4) «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалi; 5) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi» естелiк медалi; 6) «ҰҚК-КНБ-Қазақстан» үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгiсi; 7) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi» естелiк медалi белгiленсiн.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|