|
|
|
"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадғы № 1176 қаулысымен осы өкімнің күші жойылды "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында: 1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын: Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, жетекші; Жұмыс тобының мүшелері: Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек департаментінің директоры; Әбжанов Сәкен Қайырұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бас маманы; Жаңабаев Дүйсебай Жаңабайұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі терапевт қызметі бөлімінің бастығы; Ерғалиева Гүлзәуре Ботақанқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек департаментінің бас маманы; Жақсылықова Нүрия Хабиболлақызы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік органдары қаржыландыру департаменті халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы; Ыбыраев Алмас Серікұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экономикалық саясат департаменті құқықтық сараптама бөлімінің бас маманы; Қараманов Ұзақбай - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша); Тілеубекова - Қазақстан Республикасының Бақытгүл Төлеуханқызы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы. 2. Жұмыс тобы "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлесін және 2002 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |